19
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- объектінің қысқаша сипаттамасы мен жобалау қуаттылығының (сыйымдылығы, өткізу
қабілеті және с.с.) қысқаша деректер;
- белгіленген объектіде (тұрғын ғимараттардан басқа) жұмыс істейтіндердің саны,
мөлшері мен білікті-білімді құрамы және сандық есебінің нәтижелері;
- отын, су, жылу мен электр энергиясын тұтыну туралы деректер;
- құрылыс кезектілігі, қала салу мен іске қосылатын кешендер туралы мәліметтер;
- объектінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, жобалау шешімдері
бойынша жүргізілген келісулер туралы мәліметтер, әзірленген құжаттаманың мемлекеттік
нормаларға, ережелері мен стандарттарға, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына, бастапқы
деректерге, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымының объектілеріне және инженерлік
қамсыздандыру коммуникацияларына қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігін
дәлелдеу;
- техникалық пайдалану жөніндегі іс-шаралар (қайта немесе көп рет пайдаланылатын
тұрғын және қоғамдық ғимараттар топтамасы үшін әзірленетін материалдар бойынша);
- мүгедектердің және елді мекеннің өзге де мүмкіндіктері шектеулі топтарының тіршілік
ету жағдайлары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шешімдер.
9.5.4 Құрылыс алаңының бас жоспарына келесі мәліметтер енеді:
- құрылыс салуға бөлінген жер телімінің жалпы сипаттамасы мен параметрлері
(өлшемдері, шекаралары), оның қазіргі жағдайы мен пайдалану тәртібі туралы басқа да
деректер;
- жобаның елді мекеннің бекітілген бас жоспарына, басқа да қала құрылысы құжаттамасы
мен регламенттеріне, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына және мемлекеттік нормативтерге
сейкестігі туралы мәліметтер;
- құрылыс ауданы мен алаңының қысқаша сипаттамасы, бас жоспар (аумақты аймақтарға
бөлу ескерілген) бойынша шешімдер мен көрсеткіштер, қоғамдық тәртіпті сақтауды, төтенше
жағдайлар туындағанда адамдарды көшіру және материалдық құндылықтарды сақтауды
қамтамасыз ету мақсатында арнайы көліктің қол жетімділігі;
- аумақтың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайы, өнім құбырларының учаскесі
бойынша немесе іргелес аумағынан өтетін құрылыс ауданының және жоспарланудағы
(болжамды) инженерлік және көлік инфрақұрылымы, қала салу регламенттері және шектеулі
жоспарлау және қолданыстағы қала салу құжаттамасы туралы мәліметтер;
- құрылыстарды бұзу және көпжылдық көшеттерді алып тастау, ғимараттар мен
құрылыстарды басқа жерге ауыстыру, құрылыс, қала салу тұжырымдамасының ережелерін
сақтау, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін және оларды қорғауға арналған аймақ-
тар мен ерекше реттеу аймақтарын сақтау жөніндегі (белгіленген талаптар) талаптар;
- жер асты кеңістігін пайдалану мүмкіндіктері;
- инженерлік дайындық, бедерді ұйымдастыру, аумақты абаттандыру және көгалдандыру
жөніндегі іс-шаралар;
- инженерлік желілер мен коммуникациялардың орналасуы (өткізілуі) жөніндегі жиынтық
шешімдер және олардың техникалық шарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер.
9.5.5 Сәулеттік шешімдерге:
- объектінің сәулеттік және көлемді-жоспарлау шешімдерінің қысқаша сипаттамасы мен
олардың қызметтік мақсаты бойынша жобалау тапсырмасына сәйкес келуі;
- жобаның сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен мемлекеттік нормативтерге сәйкес келуі
туралы мәліметтер;
- жобаланудағы объектінің негізгі көлемдік-жоспарлау параметрлері және бөлмелерде
талап етілетін жайлылықты қамтамасыз ету туралы деректер;
- шу мен дірілді төмендету бойынша түбегейлі шешімдердің негіздемесі жатады.
9.5.6 Құрылыс шешімдері құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеология-
лық жағдайы, сондай-ақ топырақтың геотехникалық қасиеттері туралы деректер ескеріліп,
әзірленеді және ол келесі шешімдерді қамтиды:
20
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдық схемасын, негіздер мен іргетастардың,
жүк түсетін және қоршау конструкцияларының, аражабындар мен жабындардың сипаты мен
негіздемесі;
- ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін, сенімділігін және тұрақтылығын бағалауға
мүмкіндік беретін жобаның құрылымдық бөлігі бойынша жасалған есептердің материалдары;
- қоршау конструкцияларының жылуды қорғау қасиеттері бойынша шешімдердің
негіздемесі;
- құрылыс конструкцияларын, желілер мен құрылыстарды тоттанудан сақтау жөніндегі
іс-шаралар.
9.5.7 Технологиялық шешімдерге келесі мағлұматтар енгізіледі:
- объектінің қызметтік мақсаты;
- қысқаша сипаттама және технология, технологиялық процестерді механикаландыру
мен автоматтандыру шешімдерінің негіздемесі және олардың тапсырыс беруші белгілеген
деңгейге мен қауіпсіздік нормативтеріне, еңбек жағдайының жайлылығына сәйкестігі;
- қолданылатын технологиялық жабдықтың соның ішінде импорттық жабдықтардың
құрамы мен негіздемесі.
9.5.8 Инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бойынша шешімдер мынадан тұрады:
- инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бойынша сумен жабдықтау, арналық
кәріз, жылумен, газбен, электр энергиясымен жабдықтау, жылыту, салқындату, желдеткіш
және ауаны баптау, электр қуаты жүйелері мен электр жарықтандыру жүйелерін, байланыс
пен күзет, өртке қарсы дабыл, сағаттандыру, радио мен теледидар жүргізу, күзетке арналған
сыртқы және ішкі бейне бақылау, сондай-ақ автоматтық өрт сөндіру құрылғылары, найзағайдан
қорғаудың түбегейлі шешімдері;
- судың, отынның, жылу мен электр энергиясының шығынын бақылау бойынша іс-
шаралар, соның ішінде олардың тұтынуын есептеу мен реттеуге арналған жабдықтарды орнату
жөніндегі іс-шаралар;
- кезбе тоқтан инженерлік желілер мен жабдықтарды қорғау іс-шаралары;
- инженерлік желілерді басқаруды диспетчерлеу мен автоматтандыру шешімдері.
9.5.9 Кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері (ерекше
маңызды объектілер, биік ғимараттар мен олардың кешендері үшін).
Осы бөлім келесі шаралардан:
– кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен сақтануды қамтамасыз етуге арналған өзара
үйлестірілген жүйені басқару және бірлесіп диспетчерлендіру;
– негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық
жарықтандырудың, түтін тазартқыштарының, күзет мақсатындағы бейне бақылаудың, көшіру
кезінде шығу жолдарына қол жетімділікті бақылау және басқару жағдайының электронды
мониторингі, сондай-ақ көшірілген адамдарды бөліп жайғастыруды қамтамасыз етуге қолайлы
жерлер және алаңдарды ұйымдастыру;
– өрт, жарылыс, радиация, химиялық, бактериялық қауіп төнгенде, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп-қатерінен, өзге де апаттар мен лаңкестік
әрекеттер туындаған жағдайда бөлмелер мен ғимараттардан адамдарды тұтастай көшіруді
қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен басқару;
– табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатерінен, өзге де
апаттардан және лаңкестік әрекеттердің туындау салдарының материалдық-техникалық зардап
деңгейін төмендету, құжаттар мен құндылықтардың сақталуы мен көшірілуін ұйымдастыру,
басқару және қамтамасыз ету;
– қауіпсіздік қызмет пункттерін ұйымдастыру, объектінің аумағын дөңгелекті көлік
құралдарының қиратып, бұзып өтуіне жол бермейтін физикалық тосқауыл болатын сәулет
элементтері және басқа да құралдармен жабдықтау кіреді.
21
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.5.10 Қолданыстағы нормативтер көлемінде құрылысты ұйымдастыру.
Осы бөлім жобалау тапсырмасында анықталған көлемде қолданыстағы нормативтерге
және құрылыс қызметтері нарығының мәліметтеріне сәйкес әзірленеді және құрылысты
ұйымдастырудың негізгі ережелерінен тұрады.
9.5.11 Қоршаған ортаны қорғау.
Бөлім мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен
ережелеріне және табиғатты корғау қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерге сәйкес
енгізіледі.
9.5.12 Сметалық құжаттама осы құрылыс нормасының 9.3.14 тармағының ережелеріне
сәйкес құрастырылады.
9.5.13 Инвестициялардың тиімділігі бойынша бөлімнің әзірленуі және техникалық-
экономикалық көрсеткіштердің белгіленуі осы құрылыс нормасының 9.3.15 тармағының
ережелеріне қатысты жүзеге асырылады.
9.5.14 Негізгі сызбалар ҚЖҚЖ (9.6) талаптарына сәйкес әзірленген, оның ішінде:
а) бас жоспарға:
- объектінің (кешеннің) орналасуының ахуалдық жоспары;
- жобаланып жатқан және қолданыстағы (сақталатын және бұзуға жатқызылған) ғима-
раттар, имараттар, басқа да құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттан-
дыру және көп жылдық жасыл көшеттер элементтері көрсетілген, аумақтың қолданымдағы
және жоспарлау белгілері қойылған 1:500 немесе 1:1000 масштабтағы топографиялық негіздегі
сызбалары. Бар болған жағдайда іске қосылатын кешендерге енгізілген объектілер, желілер мен
көлік коммуникациялары айқындалады;
- аумақты инженерлік дайындау, жерүсті суларын бөлу жүйесі бар бедерді (вертикаль
жайғастыру) ұйымдастыру, жер қазу жұмыстары және жер алқабының картограммасы (желілі
құрылыстардан басқасы) жатады;
б) сәулеттік шешімдерге:
- жүк түсетін және қоршау конструкциялардың (жеке және қайта қолданылатын жобалар
бойынша) схемалары бейнеленген ғимараттар мен құрылыстар қабаттарының жоспарлары,
қасбеттері, қималары.
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған сыртқы өңдеу (экстерьерлер);
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған графикалық материалдар
(иллюстрациялар) мен макеттер;
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған негізгі бөлмелердің ішкі көрінісі
(интерьер) жатады;
в) құрылыс шешімдеріне:
- табандар мен іргетастардың, қаңқалардың, жүк түсетін және қоршау конструкциялары-
ның, аражабындар мен жабындардың жеке құрылымдық шешімдердің схемалары (монтаждау
жоспарлары);
- баспалдақ сатылардың, лифтік шахтылар және тік көліктің басқа да түрлерінің орналасу
схемалары, ойықтардың толтырылуы;
г) технологиялық шешімдер:
- негізгі жабдықты мөлшерге сәйкес немесе әр қабатта орналастыру жоспарларының
сілтемесі бар технологиялық тұтастыру;
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған технологиялық ағымдардың
(қызметкерлердің, келушілердің, клиенттердің, пациенттердің, өнімнің немесе көрсетілетін
қызметтердің және с.с.) номограммалары жатады;
д) инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бойынша шешімдерге:
- инженерлік коммуникациялардың түбегейлі схемалары мен трассалардың жоспарлары;
- алаңішілік желілер мен құрылыстар трассаларының сызбалары мен жоспарлары және
22
ҚР ҚН 1.02-03-2011
олардың инженерлік жабдықтарды қондырудың түбегейлі сызбалары, объектіні электр қуатымен
қамтамасыз ету схемалары;
Инженерлік жабдықтардың құралдары мен санитарлық-техникалық қондырғыларды
басқаруды автоматтандырудың түбегейлі схемалары;
- байланыс пен дабыл беруді ұйымдастыру схемасы;
- күл-қоқысты жою сызбалары жатады;
е) кешендік қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты (ерекше маңызды объектілер,
биік ғимараттар және оның кешендері үшін) қамтамасыз ету жүйелеріне:
- кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен сақтануды қамтамасыз етуге арналған өзара
үйлестірілген жүйені басқару және бірлесіп диспетчерлендірудің сызбалары;
- негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық
жарықтандырудың, түтін тазартқыштарының, күзет мақсатындағы бейне бақылау жағдайы-
ның электронды мониторингі құрылғыларының сызбалары.
- әр қабаттың көшіру жолдарының сызбанұсқалары, сондай-ақ көшірілетін адамдарды
бөліп жайғастыруды қамтамасыз ететін жерлер мен алаңдарды орналастыру;
- қауіпсіздік қызметінің күзет орнын орналастыру сызбалары жатады.
Кешендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесіне
қатысты сызбалар (көшіру жолының, сондай-ақ өту жолдары мен аландардың орналастырылу
сызбаларын қоспағанда) шектеулі құқықтағы құжаттамалар болып табылады және белгілен-
ген тәртіпте мүдделі ұйымдармен келісілуі тиіс.
9.6 Өндірістік және өндірістік емес (тұрғын үй-азаматтық) мақсаттағы объектілер
құрылысының жұмыс құжаттамасы (ЖҚ) мемлекеттік нормативтердің талаптарына,
технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларына сәйкес жобалаудың екінші сатысын-
да әзірленеді және ҚЖҚЖ стандарттарына сәйкес рәсімделеді.
9.6.1 Жұмыс құжаттамасына:
- құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс сызбалары;
- құрылыс өнімдері мен конструкцияларының жұмыс сызбалары;
- типтік емес өнімдірдің жалпы түрлерінің нобайлық сызбалары;
- сметалық құжаттама;
- құрылыс пен монтаждау жұмыстары көлемінің ведомостары, сондай-ақ материалдарға
қажеттілік пен жабдықтар, өнімдер және материалдар спецификациясының жиынтық
ведомостары енеді.
9.6.2 Жұмыс сызбалары ҚЖҚЖ стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
9.6.3 Кейбір техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша жобалау тапсырмасында
қосымша пысықтаулар және арнайы қосалқы құрылыстар мен бейімдеулердің жұмыс сызба-
лары, оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты құрылыстар мен құрылғылардың
сызбалары қарастырылған. Көрсетілген пысықтаулардың қажеттілігі тапсырыс берушімен
анықталады.
9.6.4 Металл конструкцияларының егжей-тегжейлі сызбалары (МБҚ) және (не-
месе) технологиялық құбыр жүргізу істері зауыт дайындаушыларымен әзірленеді, ал
ауа өткізгіштердің егжей-тегжейлі сызбалары сәйкестендірілген құрастыру ұйымдарымен
әзірленеді.
9.6.5 Сметалық құжаттама жиынтық сметалық есеп пен құрылыс құны-
ның сметалық есебінен, объектілік және жергілікті сметалардан, жергілікті
сметалар ресурстардың қажеттілігі туралы ведомосынан тұрады.
9.7 Аяқталған жоба құжаттамасын жобалау ұйымы – Бас жобалаушы тапсырыс берушіге
төрттен кем болмайтын данада табыс етеді.
23
ҚР ҚН 1.02-03-2011
10 Бір сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың
құрамы мен мазмұны
10.1 Бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бекітілген қала құрылыстық жобалар
немесе нормалардың талаптарына сәйкес жоба алдындағы құжаттамасының, сондай-ақ
объектілердің жобалау тапсырмасының негізінде әзірленеді.
10.2 Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысы жұмыс жобасының (ЖЖ) құрамына
төмендегілер:
- жұмыс жобасының (төлқұжаты) (9.3.1);
- объектінің энергетикалық төлқұжаты (9.3.2, жобалау тапсырмасына сәйкес);
- жалпы түсініктемелік жазбахат (10.2.1), оған енетін бөлімдер:
- бас жоспар және көлік;
- технологиялық шешімдер;
- сәулеттік-құрылыс шешімдері;
- инженерлік жабдықтар, желілер мен жүйелер;
- төтенше жағдайларды ескерту шаралары;
- құрылысты ұйымдастыру;
- қоршаған табиғи ортаны қорғау;
- сметалық құжаттама (10.2.2);
- құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары (10.2.3).
- қазақстандық мазмұнды есепке алуымен К қосымшаға сәйкес қорытынды жасалған
және тапсырма берушiмен бекітілген негізгі құрылыс материалдары, өнімдері және
қондырғыларының қажеттілігінің жиынтық ведомосы.
Жұмыс жобасының бөлімдеріне қабылданатын жобалау шешімдері (осы құрылыс
нормасының 9.3-тармақтарының талаптарына сәйкес) негіздемесі үшін жеткілікті көлемде
әзірлеу қажет.
10.2.1 Жалпы түсініктімелік жазбахат жұмыс жобасының әр бөлімі бойынша негізгі
ақпараттар мен түсініктемелерден құралады, оның ішінде:
- жобаны әзірлеуге негіздеме, жобалауға арналған бастапқы деректер, құрылыс аймағы-
ның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы мәліметтер;
- жобалау шешімдеріне жүргізілген келісімдері туралы мәліметтерді, әзірленген жоба-
лау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік нормаларға, ережелерге, стандарттарға, бастапқы
деректерге сәйкестілігін, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарынан
ауытқудың жоқтығы туралы келісімі белгіленген тәртіпте рәсімделіп, объектінің орналасқан
жері келісілген кездегі мемлекеттік қадағалау (бақылау) органының, басқа да мүдделі
ұйымдардың және тұлғалардың берген техникалық шарттары мен талаптарын куәландыру;
- бас жоспар бойынша негізгі көрсеткіштер, соның ішінде: құрылыс ауданы және алаңы-
ның қысқаша сипаттамасы, бас жоспар бойынша шешімдер және көрсеткіштер (аумақтарды
бөлуді есепке алып), ішкі аландық және сыртқы көлік, көлік түрлерін таңдау;
- құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық
шарттары туралы мәліметтер, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, ауыстыру бойынша
талаптар, құрылыс салу ережелерін сақтау, қала құрылыстық тұжырымдамасы, аумақты
абаттандыру бойынша шаралар;
- кәсіпорынның, құрылыстың және оның құрамына енетін өндірістердің қысқаша
сипаттамасы, жобалау қуаты мен номенклатурасы, сапасы, сондай-ақ өндірістің технология-
лық шешімдері, оның құрамы мен қолданылатын жабдықтардың негіздемесі, бәсекелесуге
қабілеттігі, өнімнің техникалық деңгейі, шикізат базасы, отын, суды, жылу мен электр
энергиясының қажеттілігі, шикізатты кешендік пайдалану, өндіріс қалдықтары, қайта
қолданылатын энергия ресурстары туралы мәліметтерді;
- негізгі ғимараттар мен құрылыстардың сәулет-құрылыс шешімдерінің сипаттамасы
24
ҚР ҚН 1.02-03-2011
мен негіздемесі, ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдық схемалары, негіздер мен ірге-
тастар, жүк түсетін және қоршау қонструкциялары, ғимараттар аражабындары мен жабында-
ры, құрылыстардың конструкцияларының және т.б. конструктивтік схемалары.
- мүгедектер мен басқа да мүмкіншілігі шектеулі топтарының тіршілік ету жағдайын
қамтамасыз ету шаралары және қоршау конструкциялардың жылу сақтау қасиеттері жөніндегі
шешімдерінің негіздемесі, жұмыскерлердің тұрмыстық, санитарлық қызмет орнындағы
өндірістік шу мен дірілді азайту жөніндегі түбегейлі шешімдерінің негіздемесі;
- сумен жабдықтау, арналық кәріз, жылумен қамту, газбен жабдықтау, электрмен
жабдықтау, жылыту, желдету, ауаны сәйкестендіру жөніндегі инженерлік желілер, жүйелер
және жабдықтар жөніндегі шешімдер, инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша
(байланыс пен сигнал беру, радиоландыру мен теледидар, сондай-ақ өртке қарсы құрылғылар,
найзағайдан қорғау және т.б.), инженерлік жүйелерді басқаруды диспетчерлендіру және
автоматтандыру шешімдері;
- судың, отынның, жылу мен электр энергиясының шығынын бақылау бойынша іс-
шаралар, соның ішінде олардың тұтынуын есептеу және реттеуге арналған жабдықтарды
орнату жөніндегі іс-шаралар;
- төтенше жағдайлардан, жарылыс және өрт қаупінің алдын-алу жөніндегі инженерлік-
техникалық шаралар;
- жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары мен еңбек жағдайын
қорғауды есепке ала отырып, құрылысты ұйымдастыру бойынша жалпы мәліметтер,
санитарлық-эпидемиологиялық шаралар;
- атмосфераға және су көздеріне тасталған зиянды заттектердің шығарылу құрамы және
саны туралы ақпараттар есепке алынған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәліметтер және
қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуы және тасталуын жою (қысқарту) бойынша
техникалық шешімдер;
- жобаны әзірлеу нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер, оларды
бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің көрсеткіштерімен салыстыру немесе
объектінің құрылысына құйылған инвестициялардың негіздемесі.
10.2.2 Сметалық құжаттама мемлекеттік нормативтерде келтірілетін ережелер және
нысандарға сәйкес жасалады.
Жұмыс жобасы сатысында әзірленген сметалық құжаттама мыналардан:
- сметалық-нормативтік базаның қолданылымында баяндалатын ақпараттар;
аталған құрылысқа қолданылатын сметалық нормативтік базаны, осы құрылысты
айқындайтын бағалар деңгейі және басқа да мәліметтер келтірілген түсініктемелік жазбадан;
- шығындар мәліметінен (қажет болған жағдайда);
- жиынтық сметалық есеп және құрылыс құнының сметалық есебінен;
- объектілік және жергілікті сметаларынан;
- жергілікті сметалар ресурстарының ведомосынан құралуы қажет.
10.2.3 Әр бөлім бойынша осы құрылыс нормасының алдыңғы (9.6) бөліміндегі жұмыс
кұжаттамасының құрамы мен мазмұнына сай келетін және ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес
орындалған жұмыс сызбанұсқалары әзірленуі тиіс.
10.3 Желілі құрылыстарды салу жұмыс жобасының құрамы ведомстволық нормативтік
құжаттармен белгіленеді және осы құрылыс нормасының 9.4-бөліміндегі сәйкестендірілген
талаптардың негізгі ережелерін қамтуы қажет.
10.4 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысының жұмыс жобасы төмен-
дегі бөлімдерден тұрады:
- жұмыс жобасының төлқұжаты (10.4.1);
- жұмыс жобасының энергетикалық төлқұжаты (10.4.2);
25
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- осы құрылыс нормасының 9.5-тармағының қажетті бөлімдері енген жалпы түсінік-
темелік жазбахат (10.4.3);
- сметалық құжаттама (10.4.4);
- құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары (10.4.5).
10.4.1 Жоба төлқұжаты құрылыс мақсатына байланысты қысқаша сипаттамасы мен
жобаланатын объектінің ерекшелігіне және оның негізгі параметрлері, сипатталымы және
техникалық-экономикалық көрсеткіштері көрсетіліп, жобаланатын объекті жөніндегі
ақпаратты жалпы қорытындылау нысанында құрастырылады.
10.4.2 Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен қолданыстағы
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық
сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны
тұтыну жөніндегі деректерден, сондай-ақ ғимараттардың қоршау құрылымдардың жылуды
қорғауы бойынша есептерден тұрады.
10.4.3 Жалпы түсініктемелік жазбахат жұмыс жобасының бөлімдері бойынша мәлімет-
тер және түсініктемелер береді, соның ішінде:
- жобаны әзірлеуге негіздеме және жобалауға арналған бастапқы деректер;
- құрылыс алаңын таңдау негіздемесі туралы мәліметтер, соның ішінде құрылысқа
ұсынылып отырған жер телімінің сипаттамасы, оның орналасқан жері, мөлшері, қазіргі
жағдайы және пайдалануы, аумақтың жағдайы туралы экологиялық деректер, көліктік және
инженерлік-құрылыстық жағдайлары, сол жер ақылы өтетін инженерлік коммуникациялар
және оның бойы немесе маңайындағы аумақтан өтетін жол өтпелері, ғимараттардың және
құрылыстардың орнын ауыстыру және бұзу бойынша талаптар, құрылыс ережелері;
- инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлар жөніндегі мәліметтер, бас
жоспар және абаттандыру туралы өзге де шешімдер;
- сәулеттік-жоспарлау тапсырмасында және техникалық шарттарында белгіленген
сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің қысқаша сипаттамасы және оның сәйкестілігі,
мүгедектердің және елді мекеннің өзге де мүмкіншілігі шектеулі топтарының тіршілік ету
жағдайын қамтамасыз ету шаралары және қоршау конструкцияларының жылуды сақтау
қасиеттері бойынша шешімдердің негіздемесі, сондай-ақ азаматтық ғимараттар үшін
жұмыскерлердің тұрмыстық, санитарлық қызмет орнындағы өндірістік шу мен дірілді азайту
жөніндегі түбегейлі шешімдерінің негіздемесі;
- құрылыс шешімдерінің негіздемесі және кұрылыс конструкцияларының қысқаша
сипаттамасы (ғимараттар мен құрылыстардың құрылғылық схемалары , іргетастар, қоршау
конструкциялары, ғимараттың жабыны мен төсемі, құрылыстардың конструкциялары және т. б.);
- құрылыс конструкциялары, желілері мен құрылыстарды тоттанудан сақтау шаралары;
- инженерлік құрал-жабдықтар, желілер және жүйелер бойынша шешімдер, жылыту,
желдету, ауаны сәйкестендіру, газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, арналық кәріз, электр
жабдықтары, электрмен жарықтандыру, найзағайдан қорғау, күзеттік және өртке қарсы дабыл
қағу, бақылау қондырғысын, шығындардың есебі мен реттеуді қосқанда суды, отынды және
электр энергиясын пайдалану жөніндегі бақылау шаралары, сондай-ақ диспетчерлендіру,
автоматтандыру және инженерлік жүйелерді басқару жайындағы қолайлы еңбек жағдайын
туғызу үшін байланыс пен сигнал беру, теледидар жүргізу және радиоландыру, жабдықтан-
дыру бойынша шешімдер, өртке қарсы жобалау шешімдері және инженерлік желілер мен
жабдықтарды кезбе токтардан қорғау бойынша іс-шаралар;
- еңбек қауіпсіздігі және жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен сақтығын қамтамасыз
етуді есепке ала отырып, құрылысты ұйымдастыру бойынша жалпы мәліметтер, санитарлық-
эпидемиологиялық шаралар;
- жұмыс жобасын әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық
|