1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#3353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

12
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- құрылысты бұзу және көпжылдық  ағаштарды кесу, ғимараттар мен құрылыстарды басқа 
жерге ауыстыру, құрылыс салу ережелерін, қала құрылысы тұжырымдамаларын сақтау, тарихи, 
мәдени және табиғат, оның қорғалатын және ерекше реттеу аймақтарындағы ескерткіштерді 
сақтау жөніндегі талаптар (белгіленген шарттар);
- жер асты кеңістігін пайдалану мүмкіндігі;
-  аумақты  инженерлік  дайындау,  жер  бедерін  ұйымдастыру,  абаттандыру  және 
көгалдандыру  жөніндегі іс-шаралар,  инженерлік желілер мен  коммуникацияларды орналас-
тыру (төсеу) шешімдері; кәсіпорынның сыртқы күзетін ұйымдастыру;
негізгі сызбалар:
а)  кәсіпорынның  (ғимараттың,  құрылыстың  немесе  оның  кешендерінің) 
орналастырылуының  ахуалдық  жоспары,  онда  қолда  бар  және  жобаланып  жатқан  сыртқы 
коммуникациялар,  инженерлік  желілер  мен  үй  тұрғызатын  жерлер,  санитарлық-қорғаныс 
аймақтарының  шекарасы,  айрықша  күзетілетін  аумақтардағы  инженерлік  шаралары 
көрсетіледі. Сызықтық құрылыстар (алаңнан тыс және алаңішілік) үшін ахуалдық жоспардың 
орнына трасса жоспары, ал қажет болғанда трассаның бойлық пішіні және жерде салынған 
құрылыстың көлденең пішіндері жүргізіледі;
б) Бас жоспарға жобаланып жатқан және қолда бар (сақталатын және бұзуға жатқызыл-
ған) ғимараттар, имараттар мен  өзге де құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникация-
лары,  абаттандыру  элементтері  мен  көпжылдық  жасыл  көшеттер,  аумақтың  қолданыстағы 
және жоспарлау белгілері түсіріледі, сондай-ақ онда іске қосылатын кешенге енетін объектілер, 
желілер мен көлік коммуникациялары бөлініп, көрсетіледі;
в)  аумақты  инженерлік  дайындау,  жер  үсті  суларын  үйлестіру  жүйесі  бар  бедерді 
ұйымдастыру (вертикаль жоспарлау), жер қазу жұмыстары және жер алқабының картограм-
масы (сызықты құрылыстардан басқа) көрсетіледі.
9.3.5 Аумақты инженерлік қорғау жөніндегі шешімдер құрылыс алаңында инженерлік-
геологиялық, гидрогеологиялық шарттары, сондай-ақ топырақтың геотехникалық қасиеттері 
туралы деректері ескеріліп, әзірленеді.
9.3.6 Технологиялық шешімдерге:
-  өндірістік бағдарлама туралы деректер;
-  өндіріс  технологиясы  бойынша  қабылданған  қысқаша  сипаттама  мен  шешімдердің 
негіздемесі, өнімдерді жасауға жұмысалатын  еңбек, технологиялық үрдістерді механикалан-
дыру мен автоматтандыру туралы деректер;
- қолданылатын құрал-жабдықтың, соның ішінде шетел құрал-жабдығының құрамы мен 
негіздемесі;
- қалдығы аз және қалдықсыз технологиялық үрдістер мен өндірістерді қолдану, жылуды 
және тұтылған химиялық реагенттерді қайта пайдалану жөніндегі шешімдер; жұмыс орны-
ның саны мен  жарақтандырылуы; цехаралық және цехтық коммуникациялардың сипаттама-
сы;
- өнім сапасын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
- жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру жөніндегі шешімдер;
- энергияны үнемдеу іс-шаралары;
- атмосфераны ластайтын және су көздеріне құйылатын зиянды қалдықтардың көлемі 
мен  құрамы  (жекелеген  цехтар,  өндірістер,  құрылыстар  бойынша),  олардың  топырақта 
жинақталуы туралы деректер;
 - қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару мен тастаудың алдын алу (азайту) бойын-
ша техникалық шешімдер; апаттық жағдайдың туындау ықтималдығын бағалау және оларды 
болдырмау жөніндегі шешімдер;
-  қалпына  келтірілетін  немесе  пайдаға  асырылатын,  көмілуге  жатқызылған  өндіріс 
қалдықтарының түрі, құрамы мен мөлшері;
- технологиялық үрдістердің отын-энергетикалық және материалдық балансы;

13
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- технологиялық   мұқтаждық үшін ресурстардың негізгі түрлеріне қажеттілік; 
негізгі сызбаларға:
а) технологиялық үрдістердің принципті сызбалары;
б)  құрал-жабдықтар  мен  көлік  құралдарының  орналастырылуын  көрсету  арқылы 
корпустар (цехтар) бойынша технологиялық жоспарлау;
в) технологиялық құбырлары;
г) жүк ағымдарының сұлбасы енеді.
Технологиялық  бөлімді  әзірлеген  кезде  технологиялық  жобалаудың  сәйкестендірілген 
салалық нормаларын басшылыққа алу қажет.
9.3.7 Өндірісті, кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметшілердің жағдайы мен 
еңбегін  қорғауды  ұйымдастыру  бөлімі  уәкілетті  органның  еңбек  пен  халықтың  әлеуметтік 
жағдайын  қорғау  мәселелері  бойынша  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  орындалады,  онда 
келесі мәселелер:
-  кәсіпорынды  және  жекелеген  өндірістерді  басқаруды  ұйымдастыру  құрылымы, 
басқарудың  автоматтандырылған  жүйесі  мен  оны  ақпараттық,  функционалдық,  ұйымдық 
және  техникалық  қамтамасыз  ету;  басқару  қызметкерлерінің  еңбегін  автоматтандыру  мен 
механикаландыру,  жұмысшылардың  саны  мен  кәсіптік-біліктілік  құрамын  есептеудің 
нәтижелері, жұмыс орындарының саны мен жарақтандырылуы;
- жұмысшылардың  санитарлық-гигиеналық жағдайы;
- еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар, соның ішінде зақымдану-
ды болдырмау үшін өндірістік шу мен дірілді азайту жөніндегі шешімдер; бөлмелердегі ауа-
ның газдануы мен шаңдануы, жылудың көптігі мен жетіспеуі, еңбек жағдайының жайлылық 
деңгейін жақсарту мен қызметкерлердің құқығын қалпына келтіруі қарастырылады.
9.3.8 Сәулеттік-құрылыстық шешімдерге:
-  объектінің  сәулеттік  шешімін  сипаттау,  жобаланатын  объектінің  негізгі  сәулеттік 
параметрлері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері;
-  негізгі  ғимараттар  мен  құрылыстардың  сәулеттік-құрылыс  шешімдерінің  сипатта-
масы  мен  негіздемесі,  ғимараттар  мен  құрылыстардың  құрылымдық  схемалары,  негіздер 
мен іргетастар, жүк түсетін және қоршау қонструкциялары, ғимараттар аражабындары мен 
жабындары,  ғимараттар  және  құрылыстардың  беріктігі,  сенімділігі  мен  орнықтылығын 
бағалауға мүмкіндік беретін жобаның конструктивті бөлігі бойынша есептік материалдары;
- жобаланатын кәсіпорында мүгедектер мен елді мекеннің басқа да мүмкіншілігі шектеу-
лі топтарының құқықтарын қамтамасыз ету және оларға тиісті еңбек жағдайын жасау жөнін-
дегі іс-шаралар;
-  қоршау  конструкцияларының  жылуды  сақтау  қасиеттері  бойынша  шешімдердің 
негіздемесі  және  өндірістік  шу  мен  дірілді  азайту,  қызметкерлерге  тұрмыстық,  санитарлық 
қызмет көрсету жөніндегі түбегейлі шешімдердің негіздемесі;
-  құрылыс  конструкцияларын,  инженерлік  желілер  мен  құрылыс  құрылымдарын 
тоттанудан сақтау жөніндегі іс-шаралары жатады.
негізгі сызбаларға:
а) негізгі күш түсетін және қоршау конструкцияларының  кескіндемесі бар ғимараттар 
мен  құрылыстардың  жоспарлары,  қасбеттері  мен  қималары,  интерьерлері,  өнеркәсіптік 
эстетика мен дизайн;
б)  іргетастар,  қаңқалар,  аражабындар,  жабындар  мен  шатырлардың    схемалары 
(жоспарлары) кіреді.
9.3.9 Инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бөліміне:  
-  сумен  жабдықтау,  арналық  кәріз, жылумен,  газбен,  электр  энергиясымен  жабдықтау, 
жылыту,  салқындату,  желдеткіш  және  ауаны  баптау,  электр  қуаты  жүйелері  мен  электр 
жарықтандыру жүйелерін, байланыс пен күзет, өртке қарсы дабыл, сағаттандыру, радио мен 

14
ҚР ҚН 1.02-03-2011
теледидар жүргізу, күзетке арналған сыртқы және ішкі бейне бақылау, сондай-ақ автоматтық 
өртке қарсы құрылғылар, найзағайдан қорғау және т.б. бойынша инженерлік желілер, жүйелер 
мен жабдықтардың түбегейлі шешімдері;
-  судың,  отынның,  жылу  мен  электр  энергиясының  шығынын  бақылау  бойынша  іс-
шаралар,  соның  ішінде  олардың  тұтынуын  есептеу  және  реттеуге  арналған  жабдықтарды 
орнату жөніндегі іс-шаралар;
- кезбе тоқтан инженерлік желілер мен жабдықтарды қорғау іс-шаралары;
- инженерлік жүйелерді басқаруды диспетчерлеу мен автоматтандыру шешімдері;
негізгі сызбаларға:
а) жылумен (жылыту), суықпен, желдеткіш пен ауаны баптау, электр қуатымен, газбен, 
сумен  жабдықтаудың,  арналық  кәріздің  және  басқа  да  инженерлік  жүйелердің  түбегейлі 
сызбалары;
б) инженерлік желілердің жоспарлары;
в) инженерлік желілер қырларының кескіндері (қажет болғанда);
г) ішкі инженерлік жүйелер, құрал-жабдықтар мен қондырғылардың сызбалары түсіріл-
ген негізгі ғимараттардың жоспарлары кіреді.
Сыртқы  инженерлік  коммуникациялар  трассаларының  түбегейлі  сызбалары  мен 
жоспарлары  мүдделі  мемлекеттік  органдар  немесе  уәкілетті  ұйымдарымен  белгіленген 
тәртіпте келісуі тиіс.
9.3.10 Азаматтық қорғаныс пен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-
дан сақтандыру бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар азаматтық қорғаныс бөлімінде, 
халық  пен  аумақты  төтенше  жағдайлардан  қорғау  саласындағы  нормалар  мен    ережелерге 
сәйкес орындалады.
9.3.11 Кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері (ерекше 
маңызды объектілер, үлкен аралық құрылыстар мен биік ғимараттар және олардың кешендері 
үшін).
Осы бөлімге келесі шаралар:
-  кешендік  қауіпсіздік  пен  лаңкестіктен  сақтануды  қамтамасыз  етуге  арналған  өзара 
үйлестірілген жүйесін басқару мен бірлескен диспетчерлендіру;
- негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және 
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық 
жарықтандырудың,  түтін  таратқыштың,  күзет  мақсатындағы  бейне  бақылаудың,  көшіру 
кезінде  шығу  жолдарына  қол  жетімділікті  бақылау  және  басқару  жағдайының  электронды 
мониторингі,  сондай-ақ  көшірілген  адамдарды  бөліп  жайғастыруды  қамтитын  жерлер  және 
алаңдарды ұйымдастыру;
-  өрт,  жарылыс,  радиация,  химиялық,  бактериялық  қауіп  төнгенде,  табиғи  және 
техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  қауіп-қатерінен,  өзге  де  апаттар  мен  лаңкестік 
әрекеттер  туындаған  жағдайда  бөлмелер  мен  ғимараттардан  адамдарды  тұтастай    көшіруді 
қамтамасыз ету, ұйымдастыру мен  басқару;
  -  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  қауіп-қатерінен,  өзге  де 
апаттардан және лаңкестік әрекеттердің туындау салдарының материалдық-техникалық зар-
дап деңгейін төмендету, құжаттар мен құндылықтардың сақталуы мен көшірілуін ұйымдасты-
ру, басқару және қамтамасыз ету;
- бақылау-өткізу пунктары немесе қауіпсіздік қызмет бекеттерін ұйымдастыру, объекті-
нің  аумағында дөңгелекті көлік құралдарының қиратып, бұзып өтуіне жол бермейтін физика-
лық  тосқауылдар мен жабдықтау кіреді.
9.3.12 Құрылысты әрекеттегі нормативтерге сәйкес жобалау тапсырмасында анықталған  
көлемде ұйымдастыру.
Осы  бөлім  қолданыстағы  нормативтерге,  құрылыс  материалдары,  бұйымдары  мен 
конструкциялар  нарығындағы  ақпаратты  есепке  ала  отырып,  сондай-ақ  сәйкестендірілген 
жұмыстар мен қызметтерге сәйкес дайындалады.

15
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.3.13 Қоршаған ортаны қорғау.
Осы  бөлім  республикалық  құрылыс  басқармасы  бекіткен  мемлекеттік  және 
мемлекетаралық стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, табиғи ресурстар мен 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құзіретті органның нормативті құжаттарына, сонымен қа-
тар табиғатты қорғау қызметін реттейтін басқа да нормативті құжаттарға сәйкес орындалады. 
9.3.14 Сметалық құжаттама. 
Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  істері  жөніндегі  мемлекеттік  уәкілетті  орган-
ның  нормативтік-әдістемелік  құжаттарында  келтірілген  ережелер  мен  нысандарға  сәйкес, 
кәсіпорындар,  ғимараттар  мен  құрылыстар  (немесе  олардың  кезектерінің)  құрылысының 
сметалық құнын анықтау үшін  сметалық құжаттама жасалады.
Жобалау сатысында әзірленген сметалық құжаттамасының құрамында:
- түсініктемелік жазба, онда сметалық-нормативтік базаның қолданылуы, баға деңгейі 
және  аталған  құрылыс  шарттарының  ерекшелігі  сипатталатын  басқа  да  мәліметтер  туралы 
ақпараттар келтірілген;
- құрылыс құнының сметалық және жиынтық сметалық есебі, қажеттілігіне қарай шығын 
мәліметтері;
- объектілік және жергілікті сметалық есептері;
- шығынның жекелеген түрлерінің (соның ішінде жобалау және іздестіру жұмыстары) 
сметалық есептерінен құралуы қажет.
Құрылыс құнын анықтау үшін белгіленген тәртіпте әзірленетін және күшіне енгізілетін 
қолданыстағы сметалық-нормативтік базаны пайдалану ұсынылады.
Сметалық құжаттамадағы құрылыс құнын екі деңгейдегі бағада келтіру ұсынылады:
–  қолданыстағы  сметалық  нормалар  мен  бағалар  негізінде  анықталатын  базалық 
(тұрақты) деңгейде;
–  сметаны  құрастыру  және  жобалау-сметалық  құжаттамасын  бекіткен  кезде  бағалар 
негізінде анықталатын ағымдағы бағалар деңгейінде ұсынылады.
Құрылыс салу ұзақтығы бір жылдан асатын объектілер бойынша жұмыс құны құрылыс-
тың нормативтік мерзімімен бірге жоспарланған қайта есептеу коэффициентін қолдана оты-
рып, көлемді жылдарға бөлу есепке алынып, анықталады.
Мемлекеттік  инвестициялардың  есебінен  немесе  олардың  қатысуымен  тұрғызылатын 
объектілер, сондай-ақ құны мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз, бірақ шығарылатын 
өнім немесе көрсетілетін қызметтің көлемінде заңнамада белгіленген тәртіптегі мемлекеттік 
меншік үлесі бойынша салынатын, сонымен қатар мемлекет кепіл болған немесе мемлекеттік 
кепілдеменің  негізінде  алынған  мемлекеттік  емес  қаражаттардың  есебінен  тұрғызылатын 
объектілердің  құны  бағалардың  базалық  деңгейі  негізіндегі  сметалық  нормаларға  сәйкес 
анықталатын ағымдағы бағаларда келтіріледі.
Қызметтік  мақсатына  және  берілген  қуатына  (сыйымдылығына,  өткізу  тәсіліне) 
байланысты  жоба  (Ж)  сатысындағы  объектілер  құрылысының  сметалық  құны  кейбір 
конструктивтік элементтер ұлғайтылған құнның көрсеткіштерін және ұлғайтылған сметалық 
нормативтер,  баға  анықтамалығы  бойынша  құрылыс-монтаждау  жұмыстарының  түрлерін 
пайдаланып,  объектілік  жене  жергілікті  сметалық  есептеулер  арқылы  анықталады,  ал  олар 
болмаған  жағдайда  объектілік  және  жергілікті  сметалардағы  жоба  ұқсастығы  сметаларын 
келесі кезекте пайдаланып, жұмыс құжаттамасында нақтылайды.
Технологиялық  және  инженерлік  құрал-жабдықтар  құны  бағалар  жинақтарының 
сәйкестендірілген  бөлімдері  бойынша  қабылдауы  тиіс.  Қолданыстағы  жинақтар  бойынша 
көрсетілген құрал-жабдықтардың бағаларын орнықтыру мүмкін болмаған жағдайда, тапсырыс 
берушімен (бюджеттік бағдарламаның әкімгерімен) келісілген негіздегі екіден кем емес өнім 
шығарушылардың  немесе  олардың  өкілетті  дистрибьюторларының  бағаларын  салыстыру 
нұсқаларын  және  жобаға  енетін  құрал-жабдықтардың  бәсекелестігін  (техникалық  және 
сапалық сипаттамасын салыстыру) бағалар анықтамалығынан анықтау қажет.

16
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Бұл ретте прайс-бетте көрсетілген технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтардың 
құны  сол  кездегі  ағымдағы  бағаларда  көрсетіліп,  сметалық  құжаттамада  индекссіз  есепке 
алынады.
Құрылыс құны қажет болған  жағдайда,  жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде  Қазақстан 
Республикасы Ұлттық банкінің ағымдағы бағасы бойынша шетел валютасында қайта есептелуі  
мүмкін.
9.3.15  Инвестиция  тиімділігі  мен  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер  бөлімінің 
құрамында:
-  жобаның  тиісті  бөлімдерін  әзірлеу  барысында  алынған  сандық  және  сапалық 
көрсеткіштерінің негізінде инвестициялар тиімділігінің есептемесі жасалады;
- белгіленген тәртіппен және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жобаның экономикалық 
тиімділік бағасы анықталады;
-  жинақтап  қорытылған  деректер  мен  есептеме  нәтижелері  осы  объекті  құрылысына 
инвестицияны негіздеу құрамында, жобалау тапсырмасымен анықталған негізгі техникалық-
экономикалық көрсеткіштермен салыстырылады және соның негізінде жобаны инвестиция-
лау мен іске асыру туралы түпкілікті шешім қабылданады.
Қолданыстағы кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды кеңейту, қайта жаңарту мен 
техникалық  қайта  жарақтандыру  жобаларындағы  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер, 
жалпы  объект  бойынша  да  кеңейту,  өңдеу  және  техникалық  қосымша  жарақтандыру 
аяқталғаннан кейін қуаттың өсуі ретінде келтіріледі.
9.3.16 Жобаның сәйкестендірілген бөлімдерінде:
- ҚЖҚЖ стандарттарымен белгіленген нысанда қолдануға ыңғайластырылып жасалған 
құрал-жабдықтар спецификациясы;
-  шартта  баяндалғандай,  жеке  түрде  жасалатын  жабдықтардың  құрылымдық 
құжаттамаларын әзірлеуге қатысты бастапқы талаптар келтірілуі тиіс.
9.4 Желілі құрылыстарды салуға арналған жобаның құрамы ведомстволық нормативтік 
құжаттармен белгіленеді және осы норманың 9.3 бөліміндегі талаптардың негізгі ережелерін 
басшылыққа алуы тиіс.
Жобалау шешімдерін бағалау үшін толық мағлұмат беретін бөлімдердің бар болуы желілі 
құрылыстарды салуға арналған жобаны әзірлеудің міндетті шарты болып табылады.
9.4.1 Инженерлік желілердің құрылысына арналған жобаның құрамы:
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жалпы түсініктеме жазбахат (9.3.3);
- трассаның жоспары мен схемасы (ахуалдық схема) (9.3.4);
- құрылыс шешімдері (9.3.8);
- инженерлік құрал-жабдықтар (9.3.9);
-  қолдану  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  инженерлік-техникалық  іс-шаралар, 
сондай-ақ  ерекше  маңызды  объектілер  үшін  кешенді  қауіпсіздік  пен  лаңкестікке  қарсы 
қорғанысты  қамтамасыз ету жүйесі (9.3.10);
- қолданыстағы   нормативтер   көлемінде құрылысты ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар (9.3.13);
- сметалық құжаттамасы (9.3.14);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарға сәйкес) 
және техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.3.15);
- жабдықтар мен негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың 
спецификациясы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.6).
9.4.2 Автокөліктік жолдар, көліктік жол  тораптары, көпірлердің ғимараттары,  темiр жол 
көлiгiнiң желісі, көше-жол желiсi құрылысына арналған жобалардың құрамы: 

17
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жалпы түсініктеме хат (9.3.3);
- трассаның жоспары (ахуалдық) схемасы (9.3.4);
- құрылыс шешімдері (9.3.8);
- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, сондай-ақ 
ерекше маңызды объектілер, үлкен аралықты құрылыстар мен олардың кешендері үшін кешенді 
қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жүйесі (9.3.10);
- құрылысты қолданыстағы нормативтерде көрсетілген көлемде ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары (9.3.13);
- сметалық құжаттамасы (9.3.14);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарына сәйкес) 
және техникалық-экономикалық керсеткіштері (9.3.15);
- негізгі құрылыс материалдары, бұйымдардың қажеттілігінің жиынтық ведомосы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.6).
9.4.3  Автокөлік  жолдарының  құрылысына  арналған  жобаның  жалпы  түсініктеме  жаз-
бахатқа жобаның бөлімдері бойынша мәліметтер мен түсініктемелер  кіреді, оның ішінде:
-  объектінің  мақсаты,  оның  құрылысының  қажеттілігі  мен  мақсатымен  бірге  жалпы 
мемлекеттік  және  облыстық  маңыздағы  автожолдар  желісін  (көшелерді,  темір  жол  желісін) 
дамытудың бас схемасын келтіріп, жобаны әзірлеудің негіздемесі мен жобалау үшін берілетін 
бастапқы деректері;
-  трассаны  таңдаудың  негіздемесі  туралы  мәліметтер,  құрылыс  телімдерінің  және 
объектінің өту орнының сипаттамасы, соның ішінде: жол-климаттық аймақ, табиғат жағдайлары, 
инженерлік-геологиялық,  топогеодезиологиялық,  гидрологиялық,  сондай-ақ  ауданның  ерекше 
жағдайларының    сипаттамасы,  қазіргі  техникалық  жағдайы  мен  техникалық  керсеткіштері, 
жасанды құрылыстардың үлгілері мен жағдайы;
- облысаралық, ауданаралық, ауданішілік бөлімшелерге бөлінген тасымалдардың көлемі;
- трассаның бас жоспары (ахуалдық схемасы) бойынша негізгі көрсеткіштер, соның ішін-
де: жобалау ауданының қысқаша сипаттамасы, аймақтағы жердің бедері, қолда бар құрылыстар 
мен оның бөліктерінің зерттеу материалдары, жүк тасымалының есептік көлемі және болашақ 
кезеңнің  соңғы  жылындағы  қозғалыстың  қарқындылығы  (қолданыстағы  нормаларға  сәйкес), 
жолдың  санаты,  жол  салудың  (қайта  жаңартудың)  трассасының  нұсқалары  және  оңтайлы 
техникалық-экономикалық көрсеткіштері және құрылыстың келтірілген төмен  құны бойынша, 
сондай-ақ  белгіленген  тәртіпте  бас  жоспарды  бастапқы  қала  құрылысы  құжаттамасымен 
байластыруын ескеріп, ұсынылатын нұсқасын таңдау;
- құрылыс шешімдері, соның ішінде: автожолдың ұзындығы немесе көпірдің параметр-
лері  (көпір  құрылысының,  көпір  өткелінің),  жол  жоспары  мен  бойлық  бағдарының,  жер 
төсемі құрылымының сипаттамалары, жол жабыны үлгісін және жабын түрін таңдау, жасанды 
құрылыстардың үлгілері, конструкциялары  мен материалдары, автожолдың қиылыстары мен 
жанасулары және темір жолдарымен қиылысулары;
- көпірлер, көпір құрылыстары мен көпір өткелдерінің жобаларының құрылыс шешімдері, 
соның ішінде: мақсатты, кіру жолдарының санаты мен көпірдің өлшемі (көпір құрылысының, 
көпір  өткелінің),  пайдаланудың  жоспарланған  мерзімдері,  үлгілердің  салыстырылуы  (көпір 
құрылысының, көпір өткелінің) және көпірді жайғастыруға орын таңдау (көпір құрылыстарының, 
көпір өткелінің), көпірдің нұсқалары (көпір құрылысының, көпір өткелінің), конструкциялардың 
ұсынылатын үлгілерінің сипаттамасы, көпірге кіру жолдары, қиылыстар мен жанасулар бойынша 
негізгі техникалық параметрлері мен шешімдері;
- жол және автокөліктік қызметтер мен қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 
инженерлік-техникалық  іс-шаралар,  сондай-ақ    ерекше  маңызды  объектілер,  үлкен  аралықты 
құрылыстар  мен  олардың  кешендері  үшін  кешендік  қауіпсіздік  пен  лаңкестіктен  қорғауды 
қамтамасыз ету жүйесі;

18
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- инженерлiк коммуникациялар, қайта құрылым және құрылыс жаңа, соның iшiнде тапсырма 
берушiнiң тапсырмасы бойынша қауiпсiздiк және төлеудiң интеграцияланған жүйелерi;
-  локомотив  және  вагон  шаруашылықтары,  автоматика  және  телемеханика,  байланыс, 
жабдықтау, электрлендiрудiң пневматикалық құрылымдар, өндiрiстiк және қосалқы ғимараттар 
құрылымдары бойынша (темiр жол көлiгiнiң объекттерi үшiн)  технологиялық және құрылыс 
шешiмдерi; 
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар;
- құрылысты ұйымдастыру, соның ішінде: негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, 
құрылыс материалдарына, тетіктер мен көлік құралдарына қажеттілік, көп еңбекті қажетсіну мен 
құрылыс мерзімдері, құрылыс кезектілігі, негізгі құрылыс материалдарын: металды, цементті, 
ағашты, битумды жұмсау жөніндегі деректер және т.б.;
- ауаға шығарылатын  және су көздеріне тасталатын зиянды заттектердің саны мен құра-мы 
туралы деректер ескерілген қоршаған ортаны қорғау туралы мәліметтер және қоршаған ортаға  
зиянды заттектерді шығарудың алдын алу (азайту) жөніндегі техникалық шешімдер;
- жобаны әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер және 
оларды объекті құрылысы бекіткен техникалық-экономикалық негіздемесінің керсеткіштерімен 
салыстыру келтіріліп отыр.
9.5 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған жоба (Ж) келесі 
бөлімдерден тұрады:
- жобаның төлқұжаты (9.5.1);
- жобаның энергетикалық төлқұжаты (9.5.2);
- жалпы түсініктеме жазбахат (9.5.3);
- құрылыс алаңының бас жоспары (9.5.4.);
- сәулеттік-жоспарлау шешімдері (9.5.5.);
- құрылыс шешімдері (9.5.6.);
- технологиялық шешімдері (9.5.7.);
- инженерлік жабдықтар мен инженерлік жүйелер бойынша шешімдер (9.5.8.);
-  ерекше  маңызды  объектілер,  биік  ғимараттар  мен  олардың  кешендерінің  кешендік 
қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты  қамтамасыз ету жүйесі (9.5.9);
- құрылысты қолданыстағы нормативтер көлемінде ұйымдастыру (9.5.10);
- қоршаған ортаны қорғау, қажет болған жағдайда азаматтық ғимараттарды (9.5.11);
- сметалық құжаттамасы (9.5.12);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарға сәйкес) 
және техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.5.13);
- негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары қажеттілігінің жиынтық 
ведомосы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.5.14).
9.5.1  Жобаның  төлқұжаты  негізгі  параметрлері,  сипаттамалары  мен  техникалық-
экономикалық  керсеткіштері  көрсетілген  жобаланатын  объектінің  құрылыс  мақсаты  мен 
ерекшелігі қысқаша сипатталған  мәліметті қорытындылау нысанында құрастырылады.
9.5.2  Жобаның  энергетикалық  паспорты  техникалық  регламенттер  мен  қолданыстағы 
нормативтік  құжаттардың  талаптарына  сәйкес  анықталған  объектілердің  энергетикалық 
сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну 
жөніндегі  деректерден,  сондай-ақ  ғимараттарды  қоршау  құрылымдардың  жылулық  қорғау 
бойынша есептерінен тұрады.
9.5.3 Жалпы жазба түсініктемесіне төмендегілер енеді:
- жобаны әзірлеудің негіздемесі (негіздемені құрайтын құжаттар тізімі) және жобалауға  
бастапқы деректер;
- құрылыс алаңын таңдауға (ұсынылуға) негіздеме болатын мәліметтер, бедердің қысқаша 
сипаттамасы  және  құрылыс  алаңының  инженерлік-геологиялық,  гидрогеологиялық  және 
геотехникалық  жағдайлары туралы мәліметтер;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет