1 раздел Основные понятия информатики


Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудаларының 90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерде жасалады



бет14/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудаларының 90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерде жасалады.

  • Қазақстанадғы e-commerce нарығының басым бөлігі «Air Astana» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі.

  • Көбінесе баннерлік жанраманың үлесі басым.

  • Интернет-жарнама – жарнама нарығының 4 пайызын құрайды.

  • Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 400 миллион доллардан асады.

    Қорытындылай келе, интернет аумағының ролі заманауи бизнесте әрдайым өсуде. Электрондық бизнес – бір-бірімен компьютерлер арқылы байланысқан желілермен жүргізілетін бизнестік қызметтің кез келген түрі. ЮНИДО-ның анықтамасы бойынша бизнес маркетингіні, өндірісті, сатуды, төлемді қамтиды. Егер осы қызметтердің кез келген екі сатысы электрондық жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, онда бұл бизнес электрондық бизнес деп есептеледі.
    3. а) 10110011111111(2)(8)(16); б) 6291(8)(2); в) 374(16)=х(2)
    Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз
    Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
    Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.

    Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама


    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
    Емтихан билеті №4


    Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
    Барлық білім беру бағдарламалары үшін

    1. Е-технологиялардың даму перспективалары.


    Ақпараттық технология ақпаратты өндіру туралы ғылым ретінде басқа да метариалдық ресурстармен бірге толығымен өмірде өндірістік ресурс ретінде қарастырыла бастағандықтан да пайда болды. Және де ақпаратты өндіру және оның жоғары деңгейі – білімді өндіру – жаңа өнеркәсіптік технологияларды жасау мен модификациялауға шешуші әсерін тигізеді.

    Адамзат өркениетінің дамуының есебінен бастап, әдетте адамдар еңбек құралдары мен аңшылық құралдарын жасай бастаған уақытты айтады. Техникалық прогрестің ары қарайғы барлық отты бағындырудан бастап ядролық энергияны ашқанға дейінгі тарихы – ол табиғаттың орасан зор күштерін одан сайын да бағындыру тарихы болмақ. Мыңдаған жылдар бойында шешіліп келе жатқан мәселе – адамдардың дене күшін әр түрлі машиналар мен құралдар арқылы көбейту. Абак тастарынан бастап және қазіргі ЭЕМ-нің механикалық балакмасы – Бэббидж машиналарынан аяқталатын ақпаратты өңдеу бойынша адамдардың табиғи мүмкіндіктерін күшейту құралдарын жасау әрекеттерінде ғылыми-техникалық прогрестің дамуының жалпы барысында аз ғана бөлігін ғана құрайды.


    Ақпараттық технологиялар – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті балап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология «адамдық факторға» үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
    Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады. Олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан (құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктофонға жазу) айырмашылығы – тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, «жылы жүзді» бағдарламалық жасақ және дамыған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен, жаңа ақпараттық технологиялар төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:

    · әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (бағдарламалық емес) керек;


    · мәліметті өңдеу барысында оларды өңдеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;


    · кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында сақталады да, экранда көрсетіледі.


    · адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттау режимін (интерактивті режим) жүргізу;


    · бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;


    · есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.


    Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Ақпараттық технологиялар (АТ) – есептеуіш техниканың жабдықтарын қолданудың арқасында ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығының жүйесі.


    Технологиялық процесс туралы айтатын болсақ – ақпараттардың пайда бола бастағаннан соңғы нәтижесін алғанға дейінгі орындалатын бір-бірімен байланысқан, реттелген тізбектердің іс-әрекеті.
    Сонымен, ақпараттық технологияны бағдарламалық орта мен техникалық ортадан бөліп алуға болмайды. Ақпараттық технология түсінігі жалпы ұғым және оны әр түрлі пайдаланушылар мен ақпараттық технологияны құрастырушылар жабдық ретінде қолдана алады.

    Біз бұған дейін білетініміздей, ғылыми-техникалық идеяларды жүзеге асыру үшін ең болмағанда үш негізгі шарттың орндалуы талап етіледі:


    · идея ғылымның белгілі заңдылықтарына қарама-қайшы болмау керек;


    · оның жүзеге асырылуына қоғамның көп бөлігі үлкен қызығушылық танытуы қажет;


    · идеяның техникалық принциптеріне өндірілуін тиімді жүзеге асырылуды қамтамасыз ететін қоғамдық өндірістік технологиясының деңгейіне қол жеткізуі қажет.


    Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.


    Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайты педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.


    Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.


    Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
    Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
    Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

    а) электронды оқулықтар;


    ә) телекоммуникациялық технологиялар;
    б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
    в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

    Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:


    • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
    • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
    • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
    • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

    Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.


    Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

    Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.


    Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
    Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
    Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
    Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
    Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
    Ақпараттық құзіреттілік:
    - сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
    - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
    - ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
    - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
    - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
    Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
    Коммуникативтік құзіреттілік:
    - нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
    - коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
    - әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
    - нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
    - жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
    Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
    2. Интернеттің негізгі ұғымдары.
    Интернет — біртұтас ауқымды (глобальдық) компьютерлік желі, оның барлық жүйелері хаттама деп аталатын бір стандартпен жұмыс істейді. Көбінесе Интернет сөзінің синонимі ретінде бас әріппен жазылған Желі сөзі айтылады.
    Ауқымды желілер тұтынушыларға әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Олар желі бойында таралып сақталған мәліметтер базасымен жұмыс істеп, электрондық пошта арқылы хат алысуға, телеконференцияға қатысуға, нақты уақыт кезеңінде басқалармен сөйлесуге, файлдармен алмасуға, т.с.с. мүмкіндіктер береді. Әрбір қызмет бабы (кейде қызмет, сервис деп те айтады) өз заңдылықтары-мен (хаттамаларымен) жұмыс істейді.
    Әрбір қызмет бабы үшін өзіндік сервер- программа және өзіндік клиент- программа қажет болады. Мысалы, электрондық пошта серверлері мен клиенттері, телеконферен-циялардың да өз серверлері мен клиенттері болады. Қазіргі кездегі браузерлер (навигаторлық программалар, сілтеуіштер, көрсеткілер) біртіндеп желінің бірнеше функцияларын қатар атқарып, «әмбебап» клиент-программалар рөлін ала бастады.
    Сервер деп сервер-программалар орнатылған негізгі компьютерлерді де айтады. Бір сервер-компьютерде бірден бірнеше сервер-програм-малар жұмыс істей алады. Көбінесе «сервер» деген сөз компьютерді білдіреді. Интернет ауқымды желісі бір-бірімен байланыс арналарымен қосылған түйінді компьютерлер (коммутациялық жабдықтар мен серверлер) жиынынан тұрады. Әрбір түйінде (торапта) UNIX операциялық жүйесінде жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты сервер-компьютерлер болады. Осындай түйін немесе торап көбінесе хост деп аталады.
    Айна — қашықта орналасқан көп мәліметі бар сервердің көшірмесі сақталатын компьютер. Айна желі арналарындағы мәліметтер тығыздығын азайту үшін және информацияны тасымалдау жылдамдығын арттыру мақсатында қолданылады. Айнадағы мәліметтер жиі-жиі жаңартылып отырады.
    Хаттама (протокол) – желі бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін мәліметтер форматы мен байланысу ережелерінің жиыны. TCP (transfer control protocol) - мәліметтерді пакеттерге бөліп тасымалдауды жүзеге асыратын хаттама түрі. IP (Internet protocol) - желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы
    Базалық (негізгі) протоколдар, Интернеттегі компьютерлер арасында кез келген электрон-дық мәліметті физикалық түрде тасымалдауға жауапты хаттамалар (IP және TCP). Бұлар бір-бірі-мен өте тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктен олар-ды көбінесе бір сөзбен «TCP/IP протоколдары» деп айта береді; қолданбалы протоколдар Интернеттегі арнайы қызмет баптарының жұмысын қамтама-сыз ететін жоғары деңгейдегі хаттамалар: http протоколдары (гипермәтіндік мәліметтерді тасымал-дау), ftp протоколы (файлдарды тасымалдау), telnet протоколы (қашықтан қатынасу), SMTP және POP 3 - электрондық пошта хаттамалары, т.б.
    3. а) 1001010111 (2)(8)= Х (16); б) 2326 (8)= Х (2); в) ВВ3C (16)= Х (2);

    Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз


    Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
    Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.

    Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама


    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет