1 раздел Основные понятия информатики


Жүйелік магистраль (шина)



бет17/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Жүйелік магистраль (шина) – ол ДК-дің барлық құрылғыларының байланысын (қосылуын) және олардың өзара әрекеттесуін беретін өткізгіштер мен ажыратқыштар жиынтығы.
Шиналардың негізгі үш түрі бар:
· мәліметтер шинасы,
· адрестік шина,
· командалық шина (басқару).
Мәліметтер шинасы арқылы жедел жадыдан процессор регистріне және керісінше мәліметтерді көшіру орындалады. Intel Pentium процессор негізіндегі ДК-де мәліметтер шинасы 64-разрядты, яғни бір өңдеу тактісіне бірден 8 байт мәліметтер түседі.
Адрестік шина арқылы жедел жады ұяшықтарының адресі жіберіледі. Осы шина арқылы процессор орындауға қажетті команда адрестерін, сонымен қоса команда орындайтын мәліметтерді оқиды.
Командалық шина арқылы жедел жадыдан процессормен орындалатын командалар келіп түседі. Командалар байттар түрінде ұсынылады. Қарапайым командалар бір байтты, ал күрделі командалар екі және одан көп байт орынды алады. Көптеген қазіргі кездегі процессорлар 32-разрядты командалық шинадан тұрады, дегенмен де 64-разрядты шиналар да бар.
Интерфейс дегеніміз – ол компьютер құрылғыларының байланысу және қосылу құралдарының жиынтығы. Шеткері құрылғыларды қосу порттар деп аталатын арнайы интерфейстер арқылы орындалады. Порттар жүйелік блоктың артқы жағына орналастырылады, мысалы:
· COM – асинхронды тізбектелген (СОМ1-СОМЗ). Олар арқылы тышқан, модем және тағы басқа құрылғылар қосылады;
· PS/2 – асинхронды тізбектелген пернелік тақтаны және тышқанды қосуға арналған порттар;
· LPT – параллельді (LPT1-LPT4 деп белгіленген), оларға принтерлер жалғанады;
· USB - 127 құрылғыны қосуға арналған әмбебап интерфейс;
· Bluetooth – 10 метрге дейінгі ара қашықтықта мәліметтерді жіберу мүмкіндігін беретін жоғары жылдамдықтағы микротолқынды стандарт.
· Дыбыстық картаны қосқыштар: колонканы, микрофонды қосуға арналған.
Ішкі жады деп аналық платада орналасқан сақтау құрылғыларын айтады. Оларға жедел жады, тұрақты жады және энергияға тәуелді жады жатады.

Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖСҚ), RAM (Random Access Memory). Жедел жады компьютер жұмысының бір сеансында процессор, сыртқы жады және шеткері құрылғылар арасындағы ақпараттарды (командаларды және мәліметтерді) сақтау және алмастыру үшін қолданылады. Компьютерді сөндіргенде мәліметтер жойылады.


Конструкторлық тұрғыдан ЖСҚ кристалл ұяшықтар қатары (интегралдық микросхемалар) түрінде орындалған. Одан процессор өзінің регистрінде өңдеу үшін процессор бағдарламалар мен мәліметтерді есепке алады, оған алынған нәтижелерді жазады. ЖСҚ-ның жұмысының жылдамдығы процессор регистрінің жұмыс істеу жылдамдығынан төмен, сондықтан командаларды орындамас бұрын процессор мәліметтерді ЖСҚ-нан өзінің регистріне жазып алады.
Әрекет ету принціпі бойынша динамикалық жады - DRAM және статикалық жады – SRAM болып бөлінеді.
Динамикалық жады ұяшықтары микроконденсаторлардан тұрады, ол элеткрлік зарядтарды жинақтайды. DRAM жадысының кемшіліктері: мәліметтерді оқу және жазу баяу орындалады, қайта-қайта зарядтауды талап етеді. Артықшылықтары: тарату қарапайымдылығы және бағасы төмен.
Статикалық жады ұяшықтары транзисторлардан тұратын триггерлерден тұрады. Триггерде заряд емес, ал оның жағдайы (қосылған/ажыратылған) сақталады. SRAM жадысының артықшылықтары: аса жылдам жұмыс жасауы. Кемшіліктері: бұйымды әзірлеу технологиялық тұрғыдан аса күрделі процесс, сәйкесінше бағасы да жоғары болады.
DRAM микросхемалары жедел жадыда, ал SRAM - кэш-жады үшін қолданылады.
Жедел жады модульдері аналық тақшадағы сәйкес ажыратқыштарға орнатылады. Конструкторлық тұрғыдан жады модульдері екі орындаудан тұрады – бір қатарлы (SIMM - модульдер) және екі қатарлы (DIMM - модульдері). Pentium процессорлы компьютерлерде бір қатарлы модульдерді тек қана жұбымен ғана қолдануға болады (оларды аналық платада орнатуға арналған ажыратқыштар саны әрқашанда жұп болады). DIMM – модульдерін жеке-жеке орнатуға болады. Бір платада әр түрлі модульдерді жинақтап орнатуға болмайды.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы ТСҚ (ПЗУ), ROM (Read Only Memory). Компьютерді қосқаннан кейін процессор өзіне әйгілі арнайы старттық адрес бойынша алғашқы командаға назар аударады. Бұл адрес тұрақты ROM жадысын көрсетеді. ТСҚ микросхемасы ақпараттарды ұзақ уақытқа, компьютер сөнгеннен кейін де сақтайды. ТСҚ-да болатын бағдарламалар, микросхеманы әзірлеу кезеңінде жазылады. ТСҚ-ғы бағдарламалар жиынтығы негізгі BIOS (Basic Input Output System) енгізу-шығару жүйесін құрайды. Негізгі қызметі – жүйенің жағдайын және жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру және пернелік тақтамен, монитормен, қатты дискімен өзара байланысын қамтамасыз ету.

Энергияға тәуелді жады CMOS. CMOS – бұл BIOS бағдарламасы үшін жүйенің ағымдағы жағдайы туралы барлық ақпараттарды сақтайтын, аналық платадағы энергияға тәуелді жадының микросхемасы. Оның жедел жадыдан айырмашылығы, компьютерді сөндіргенде ондағы ақпараттар жойылмайды, ал тұрақты жадыдан айырмашылығы – жабдықтар құрамына байланысты оған өз бетінше мәліметтерді енгізуге және өзгертуге болады.


CMOS микросхемасы аналық платада орналасқан шағын батарейкамен қоректенеді. Бұл жадыда иілгіш және қатты дискілердегі, процессордағы және т.б. мәліметтер сақталады. Сонымен қатар ағымдағы уақыт пен мерзім әрқашанда CMOS жадысында сақталады (және түзетіледі). Ендеше BIOS бағдарламасы CMOS микросхемасынан компьютерлік жүйе құрамы туралы мәліметтерді алады, сосын қатты дискіге және басқа құрылғыларға назар аударады.


2. Бұлттық және мобильдік технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет