27)Талданатын заттың құрамында анықталатын компоненттің мөлшерін титриметрия әдісі бойынша табу барысында қандай тәсілдер қолданылады Титриметрия (көлемдік анализ) - анықталатын заттың пипеткамен өлшеп алынған дәл көлемін титрлеуге кеткен титранттың көлемін анықтауға негізделгенсандық анализ әдісі. Титрантты жұмыс ертіндісі деп те атайды. Титриметриялық анализ әдістерін іске асырудың бірнеше тәсілдері бар: тура титрлеу, кері титрлеу, орнын басып титрлеу. Тура титрлеу. Өлшеуіш колбада анализденетін ерітіндініің көлемін дистилденген сумен шекті белгіге дейін жеткізеді. Осы ерітіндінің бір бөлігін (аликвотасын) пипеткамен өлшеп алып конусты колбаға көшіріп индикатор қатысында титрантпен титрлейді. Индикатор түсін өзгерткен соң титрлеуді тоқтатып титрлеуге жұмсалған титрант көлемін бюретка бойынша жазып алады.
Кері титрлеу. Еріген зат мөлшерін тура титрлеу тәсілі арқылы анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда (сәйкес индикатор жоқ болғанда; реакция өте баяу жүргенде) қолданылады. Бұл тәсілде екі жұмыс ертіндісі, яғни екі түрлі титрант қолданылады. Анализденетін ертіндіге бірінші титранттың белгілі көлемі артық мөлшерде құйылады. Анықталатын затпен бірінші титранттың бір бөлігі түседі, ал реакцияға түспеген екінші бөлігі индикатор қатысында екінші титрантпен титрленеді. Қатарлас бос титрлеу, яғни бірінші титранттың барлық көлемін титрлеуге екінші титранттың қандай көлемі кететіндігі анықталады. Бос титрлеуге және анализденетін ертіндіні титрлеуге жұмсалған титрант көлемінің айырмашылығы бойынша анализ нәтижесі есептеледі.
Орнын басып титрлеу. Бұл әдісте анықталатын затты басқа затпен реакцияға түсіреді, нәтижесінде басқа қосылыс түзіледі. Түзілген қосылыс титрантпен титрленеді.
Титриметриялық анализ әдістері Титриметриялық анализ әдістері титрлеу кезінде жүретін химиялық реакция типіне қарай үш топқа бөлінеді:
- и о н д а р қ о с ы л у реакциясына негізделген әдістер;
- т о т ы ғ у-т о т ы қ с ы з д а н у реакциясына негізделген әдістер;
- к о м п л е к с т ү з у реакциясына негізделген әдістер.