1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Жылжымалық ерітінді түсінігі және оның мағынасы



бет16/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
56. Жылжымалық ерітінді түсінігі және оның мағынасы.
Ерітінді қоспасын дайындаған соң оның жылжымалығын анықтайды.
Ерітінді қоспасы жылжымалығының шамасы құрылыс конус аспабы көмегімен анықталады – конустың ерітінді қоспасына бату тереңдігі бойынша. Егер қоспаның жылжымалығы талап етілгеннен төмен болса, онда оны су қосу арқылы түзетеді. Егер қоспаның жылжымалығы талап етілгеннен жоғары болса, онда оны тиісті арақатынаста құрғақ компоненттерді қосу арқылы түзетеді.
57. Ерітінді маркасы деп нені атайды және оны қалай анықтайды?
Қолданылатын орнына қарай ерітіндінің құрам мөлшерін дәл анықтау және оны дайындау ерекшелігін сақтау марка сапасын қамтамасыз етеді. Толтырғыштар ретінде табиғи құм (өзен, тау құмы), қолдан үсақталған майда тастар, табиғи кеуек жыныстар (тас, пемза т. б.), жасанды кеуек материал-дар (керамзит т. б.) пайдаланылады.
58. Қыс жағдайындағы жұмыс кезінде ерітінділердің сапалы маркалық жиынтығын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?
Қыс кезінде қоспалар ретінде кұрылыс ерітінділерін төмен температурада катаюын камтамасыз ететін ерітінді араласпасын мұзға айналу температурасын төмендететін натрий , кальций жане магний хлоридтері қолданылады.
59. Сылақты ерітінді түрін (құрамы) таңдау кезінде нені ескеру қажет?
Әр түрлі сылақты жүргізу дәлдігі ҚНжЕ талаптарына сай болуы керек, онда сылақ қалыңдығы да ескерілген. Сылақ қалыңдығы: қарапайым сылақта – 12 мм-ге, жақсартылған сылақта – 15 мм-гедейін, жоғары сапалы сылақта – 20 мм ге дейін болуы тиіс. Тегіс кірпіш қабырғалардың беттерінде сылақтың қалыңдығы – 10 мм-ге дейін, ал тегіс бетон қабырға беттерінде – 2-3 мм-ге дейін, яғни ысқылаудан өткізілген әрлеу сылағы болуы мүмкін. Сабан, қамыс және фибролит қабырға беттерінде қосымша дайындықсыз сылақтың қалыңдығы – 20 мм-ден артпауы керек. Ағаш қабырға беттерінде қалыңдығы үстіңгі шаттама деңгейінен 20 мм немесе кемінде 15 мм сылақ жүргізген жөн, өйткені тым жұқа ерітінді қабаты қағылған шаттаманың быржиып кетуінен оп-оңай жарылады, ал шаттаманың өзінің сылақ бетінде із-таңбасы көрініп тұрады.
Сылақ қабырға бетімен берік ілінісуі, қабыршақтанбауы тиіс, сыртқы беті кем-кетіксіз жақсы ысқыланған болуы тиіс.
Қабырға бетінің тегіс емес екендігін оның бетіне ұзындығы 2 м түзеткішті немесе ұзындығы 2 м деңгейлікті әр түрлі бағытта-көлденең, тігінен, қиғаштай қоя отырып анықтайды.
Қарапайым сылақтың көлденең және тігінен дұрыстығын жіппен яғни жіпті қабырға бетінен сылақ қалыңдығындай мөлшерде алшақтатып, оның астына маркаларды және маяктарды қойып, кере тартып тұрып тексереді. Жақсартылған және жоғары сапалы салынған қабырға беттерін жіп салбыратып, маркалар мен маяктар қойып тексереді.
Егер ауытқу нормадан артық болса, оны жоюға тырысады (ерітіндіні қырнайды немесе қосымша жағады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет