1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Желім ағашы. Жұмыстағы ерекшеліктері және жасау технологиясы



бет17/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
60. Желім ағашы. Жұмыстағы ерекшеліктері және жасау технологиясы.
Құрылыс және өндіріс басқа да көптеген салаларында ең танымал материалдардың бірі ағаш болып табылады. Сондықтан, ағаш бөліктерін желімдеу жиі қажет. Оның арқасында әртүрлі формалы желімделген конструкцияларды алуға болады (арқалық, аркалар, рамалар). Конструкцияларды жұқа ағаш материалдарды және фанераны желімдеу арқылы алады. Суға төзімді синтетикалық желімдерді қолданады (фенолды, фенол-резоцинді). Желімделген ағаш конструкцияларды зауыттарда дайындап құрылыс алаңына полиэтиленді қаптарға оралған күйде әкеледі.
61. Құрылыста пайдаланылатын ағаш бұйымдарының түрлері.
Құрылыста көбінесе ағаштың қылқан жапырақты түрлерін қолданады. Біріншіден олар көп тараған, екіншіден, олардың сапсы жақсы, діңі тура, әрі ұзын. Олардың ішінде көп тарағаны – қарағай, самырсын т.б. Бұл ағаштардан бөрене, кесінді материалдар мен ағаш бұйымдарының басқа түрлері дайындалады.
Бөренелер дегеніміз – бұтақсыз, қабығымен бірге кесілген ағашты айтады. Жоғары жағының жуандығына байланысты бөренелерді ірі (26 см-ден кем емес), орташа (14-24см), жіңішке (8-13см) деп бөледі. Кесілмелі материалдарға – білеулер (брус), тақтайлар, шпалдар, жатады.
62. Ағаштың қолдану облысы және тағайындалуы.
Ағаштың негізгі бөлігі- діңі. Біздің елімізде ағаш өнеркәсібі кеңінен таралған. Ағаш әсіресе кұрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік-терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар
мен таяныштар жасалады, лак,
желім, витамин, қағаз сияқты толып жатқан керекті бұйымдар шығарылады.
63. Сылақты ерітінділердің түрлерін сипаттап беріңіз. 
Сылақ үш түрге бөлінеді: қарапайым, жақсартылған және жоғары сапалы сылақ. Қарапайым сылақ қара сылақтан және негізгі сылақтан
30 тұрады, жақсартылған және жоғары сапалы сылақ үш қабаттан – қара сылақтан, негізгі сылақтан және әрлеу сылағынан тұрады.
Қара (қарапайым) сылақ – сылақтың алғашқы қабаты. Қолмен жаққан кезде оның калыңдығы – 3-5 мм, ағаштан қаланған қабырға бетіне ерітінді шашқыш насоспен жаққанда – 9 мм-ден, тас, бетон, кірпіш қабырғаларда – 5 мм-ден аспайды. Қара сылақ үшін сұйық ерітінді пайдаланылады.
Негізгі (арнайы) сылақ – сылақтың екінші қабаты. Негізгі сылаққа арналған ерітінді қара сылақ ерітіндісіне қарағанда қоюырақ болады. Сүзгіден өткізілген ерітіндінің оны жағу қезіндегі лықсып жылжығыштығы стандартты конустың батуына сәйкес болуы тиіс: гипссіз негізгі сылақ үшін – 7-9 см, гипсті сылақ үшін – 8-10 см.
Негізгі сылақ-жағылатын сылақтың ең басты қабаты сылақтың қажетті қабатын кұрайды және қабырға бетін тегістендіреді.
Әрлеу сылағы – сылақтың үшінші қабаты. Оның қалыңдығы – 2 мм. Әрлеу сылағы үшін ерітіндіні тор көздері 1,5х1,5 миллиметрлік електен өткізілген майда құмнан дайындайды. Әрлеу сылағының қоюлығы стан- дартты конустың 10-12 см батуына сәйкес болуы тиіс.
Әрлеу сылағының ерітіндісін қабырғаға кірігіп ілініскен негізгі сылақ үстіне колмен және машиналармен мұқият тегістей отырып жағады. Әрлеу сылағы жұқа жұмсақ кабат құрайды, ол жеңіл ысқыланады немесе жағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет