1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Алюмосиликаттар тобының материалдары



бет2/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
4. Алюмосиликаттар тобының материалдары.
Алюмосиликаттар - кремний мен алюминий күрделі аниондарынан тұратын табиғи және синтетикалық силикаттар тобы. Табиғи алюминий силикаттары - керамика, шыны, цемент және т.б. өндірісіндегі шихта компоненттері; Слюда - электр және жылу оқшаулағыш материалдар; нефелин - алюминий алуға арналған шикізат. Синтетикалық алюмосиликаттар керамикалық материалдардың негізгі кристалдық фазасын құрайды; олардың кейбіреулері, мысалы, хроматографиядағы цеолиттер - адсорбенттер, сондай-ақ газдарды тазарту, құрғату және бөлу кезінде, суды жұмсартатын реагенттер, катализаторлар, катализатор тасымалдаушылар және т. б.

5.



Қыш материалдарының физика техникалық қасиеттері және шикізат

Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің “керамос” *- балшық деген сөзі) деп — табиғи саз-балшықтан немесе оны минералдық не органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, калыптастыру, кептіру және куйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдар.


Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа оөлінеді: кеуекті жәңе тығыз. Кеуекті материалдардың су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары болады. Бұларға кәдімгі кірпіш, керамикалык кабырға тастар тыстаулык (өңдеулік) такталар, т.б. жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%-тен аз су сіңіреді (көбінесе 1-4%); оларға жататындар: еденге төсейтін плиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар
(түтіктер), т.б.
Керамиканың су сіңіргіштігі — оның кеуектілігін сипаттайды.
Жылу өткізгіштігі Абсолютті тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі жоғары - 1,16 Вт/(м.°С). Ауамен толған саңылаулар мен куыстар бұйымдардың тығыздығын төмендетіп, жылу өткізгіштігін едәуір (айтарлықтай) азайтады.
Керамикалық бұйымның беріктігі оның фазалық кұрамына, кеуектілігіне және шытынауына (жарықшақталуына) байланысты
Керамикалық бұйымдардың құрылымына байланысты аязға төзімдіпігі мынадай маркалармен сипатталынады: F15, F25, F35, F50, F75, FІОО


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет