№1 сабақ: Жасуша – тіршіліктің құрылымдық-функционалдық бірлігі. Жасушаның мембранасыз және мембраналы органоидтары



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата10.03.2023
өлшемі403,6 Kb.
#72920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Цитоплазма – тірі жасушаның ішкі ортасы. Плазмалық мембранамен шектелген. 
Құрамында гиалоплазма, міндетті жасушалық бөлік органеллалалар, қосындылардың 
тұрақты емес түрлі құрылымдары орналасқан. Сонымен қатар органикалық және 
бейорганикалық заттардың барлық түрлері, зат алмасу үрдісінің ерімейтін қалдықтары және 
қордағы қоректік заттар орналасқан. Негізгі заты - су болып табылады. Цитоплазма үнемі 
қозғалыста болады, тірі жасушаның ішінен ағып өтеді, өзімен бірге әртүрлі заттарды, 
қосындылар мен органоидтарды қозғалысқа түсіреді. Бұл қозғалыс циклоз деп аталады. 
Цитоплазма өсуге, өнуге және жартылай жойылған кезде қайта қалпына келуге қабілетті
Алайда ядро болған кезде цитоплазма қалыпты қызмет ете алады. Онсыз цитоплазма ұзақ 
уақыт өмір сүре алмайды. Цитоплазманың маңызды рөлі барлық жасушалық 
құрылымдарды біріктіруді және олардың 
химиялық 
өзара 
әрекеттесуін 
қамтамасыздандырады. 
Жоғарыда аталғандай негізгі жартылай сұйықтық гиалоплазма деп аталады (
hyalos- 
әйнек
) немесе матрикс. Ол жасушаның маңызды бөлігі оның ішкі ортасы. Гиалоплазма 
біркелкі. Ол сұйық және қатты фазадан тұрады. Сұйық фазасы күрделі коллоидты жүйені 
құрайды, ол ақуыздармен, нуклеин қышқылдарымен, көмірсулармен сумен және басқа да 
заттармен түзілген. Гиалоплазма еріген күйінде аминқышқылдарының үлкен мөлшері, 
нуклеотидтер, және басқа да құрылымды биополимерлердің топтамалары, аралық 
өнімдердің көбі сонымен бірге бейорганикалық қосылыстардың иондары мысалы, атап 
айтқанда Na
-
, К,
-
Са
2+
Mg
2-
, Сl
-
, НС03 , НР0 
2
және т.б. бар. Сұйық фазада жұқа ақуыз 
жіпшелерінің жүйесі – микротрабекул бар, ол цитоплазманы түрлі бағыттарда кесіп өтеді. 
Ол барлық клетка ішілік құрылымды байланыстырады. Микротрабекулярлы ұштарының 
түйісуі немесе бірігуі орындарында рибосом топтамалары орналасқан. Микротрабекулярлы 
жүйемен жіпше тәріздес, ақуыз кешендері немесе филаменттер (жұқа жіпшелер), 
микрофиламенттер байланысқан. Олардың барлығы клетка ішілік цитоплазмалық қаңқаны 
құрайды және жасушаның барлық құрылыстық бөліктерінің орналасуын реттеп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет