№1 сабақ: Жасуша – тіршіліктің құрылымдық-функционалдық бірлігі. Жасушаның мембранасыз және мембраналы органоидтары



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата10.03.2023
өлшемі403,6 Kb.
#72920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Рибосома жасушаның маңызды 
органоиды 
жәнегенетикалық 
ақпараттыңмРНҚданаминқышқылдарғатасымалданған ақуыздың биосинтезі үшін қызмет 
етеді. Рибосомалар екі,үлкен және кішісуббірліктен тұрады. Рибосома құрамына рРНҚның 
4 молекуласы кіреді, олардың 18S, 5,8S және 28SрРНКполимеразаIмен ядрошықта (40S) 


жалғыз мұрагері түріндесинтезделеді. Сосын модификацияға ұшырап, одан кейінкесіледі. 
5SрРНК геномның басқа бөлігінде РНҚ полимеразаIII пен синтезделіп, модификацияны 
қажет етпейді. Барлық рРНК магний тұздары түрінде кездеседі, бұл құрылымды ұстап тұру 
үшін қажет. рибосома магний иондарын жою кезінде суббірліктерге диссосацияланады. 
мРНҚның бір молекуласымен бірнеше рибосомалар бірігеді, бұндай құрылым 
полирибосомалар деп аталады. Цитоплазмада рибосомалардың ондаған мың бос түрлері 
орналасқан (топтап және жалғыз),олар микротрабекулярлы жүйенің жіпшелеріне бекінген, 
ядроның сыртқы бетінде және бұдыр эндоплазмалық торда сонымен қатар 
митохондрияларда орналасқан. Ақуыздың синтезделуі үрдісінде рибосома ақуызы 
синтезделетін ақуызды жасуша ферменттерінің бұзғыш әсерінен қорғайды. Қорғау әсерінің 
механизмі, синтезделетін белоктың жартысы қайтадан үлкен суббірліктің каналға ұқсас 
құрылымында болуында. Ақуыз синтезінің жүйесінде РНҚның 3 түрі қатысады. 

рРНК рибосома құрамына кіреді 

мРНКақуыз синтездеу үшін матрица қызметін атқарады (трансляция үрдісі) 

тРНК аминқышқылдардытасиды және мРНҚкодонымен комплементарлы қағидасы 
бойынша қосылады; 
Центросома (жасуша орталығы) бұл микротүтікшелердің қалыптасу орталығы. Ол 
цитоплазманың түпкі бөлігінде, жасушаның геометриялық орталығында орналасқан, сирек 
ядроға жақын немесе Гольджи кешенінің беткейінде қалыптасады. Бұл өте ұсақ денешіктер. 
Центросома– жасушаның реттелу үрдісіндегі құрылымдық кілт,оның қызметінің бұзылуы 
жасуша циклінің бұзылыстарына, ұлпалардың даму бұзылыстарына, одан әртүрлі 
аурулардың дамуына әкеледі. Әдетте интерфазалық жасушада органоид бір біріне тік 
бұрыш бағытта орналасқан,екі центриольден тұрады. Олар цитоплазманың мөлдір 
зонасымен қоршалған,радиальды тараған жұқа фибриллдер (жіпшелер). Әрбір 
центриольдер тоғыз триплеттімикротүтікшелерден тұратын, қысқаша цилиндр тәріздес 
болады. Көршілес триплеттер өзара және центриол орталығымен байланысқан. 
Центриольдер жасушаның бөліну кезеңінде өздігінен екі еселенетін, өзін реттейтін 
құрылыс. Екі еселену кезінде әрбір центриольге жақынырақ цитоплазмада жаңа центриоль 
бастау алады, біртіндеп өсіп, толыққанды құрылымға ие болады.Бөлінбейтін жасушаларда 
центросомацитоқаңқаның микротүтікшелерін қалыптастыруға, ал бөлінетін жасушаларда 
бөліну ұршығының түзілуіне қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет