№1 сабақ: Жасуша – тіршіліктің құрылымдық-функционалдық бірлігі. Жасушаның мембранасыз және мембраналы органоидтары



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата10.03.2023
өлшемі403,6 Kb.
#72920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жасушалық құрылымы жоқ ағзалар өзінің тіршілігін тек өзге ағза жасушаларын 
паразиттеу нәтижесінде көрсетеді. Вирустар ДНҚ немесе РНҚ және нуклеин қышқылының 
маңайында капсид қабықшасын түзетін ақуыздан тұрады, ол вирион деп аталатын 
нуклеопротеидтік кешенді құрайды. Капсид – вирустың ақуыздық суббірліктерімен, белгілі 
бір ретпен түзілген. Ол вирустың нуклеин қышқылын әртүрлі әсерлерден қорғайды және 


иесінің жасуша бетіне вирустың отыруын қамтамасыз етеді. Вирус формасы әртүрлі болады 
(шар, жіпше, цилиндр түрінде болады). Вирустар тірі ағзалар жасушаларында паразиттеуге 
қабілетті болып, тұмау, қызылша, сал, СПИД, сүзек, құтыру ауруларын шақырады. 
Жасушалық құрылымы бар ағзалар екі түрге бөлінеді: прокариоттық және 
эукариоттық. Прокариоттарға бактериялар мен цианобактериялар жатады (көк жасыл 
балдырлар), ал эукариоттарға өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануар және адамдар жатады. 
Прокариоттық жасушалар эукариоттарға қарағанда пішіні кіші 0,5-3,0мкм болады. 
Олардың ядросы жоқ, сондықтан да олар прокариоттар деп бөлінеді. (грек сөзінен алғанда 
про-дейін, карион-ядро дегенді білдіреді). Жасушаның ішкі кеңістігі 


цитоплазмамен толтырылған. Жасуша ішілік ығысулар цитоплазма үшін тән емес. 
Генетикалық материалы гистон ақуыздарынсыз, сақиналы ДНҚ молекуласымен 
көрсетілген және ол нуклеоид деп аталады. ДНҚ цитоплазмадан қабықшамен шектелмеген. 
Цитоплазмада көптеген ұсақ 70S-типіндегі рибосомалар мен қосындылар орналасқан. 
Риобосомдар полисомдарға жинастырылған. Жасушада жасуша орталығы жоқ. Олар 
жыныссыз бөлінеді, аналық жасуша екіге (амитоз) бөліну арқылы жүреді. Бөліну алдында 
ДНҚ репликациясы жүреді. 
Эукариоттық жасушалар – ядросы бар ағзалар. Ядрода гистонды және гистонды 
емес белоктармен байланысқан сызықтық ДНҚ молекуласы бар хромосомасы бар. 
Цитоплазмада арнайы міндетті құрылым жиынтықтары органеллалармен байланысқан. 
Олардың әрқайсысы жекелеген арнайы қызметтері бар. Органелла санына мембрандық 
құрылымдарды жатқызады, атап айтқанда митохондриялар, эндоплазмалық ретикулум, 
Гольджи аппараты, лизосомдар, пероксисомдар және мембраналық емес құрылымдар
оларға рибосомдар, центриольдар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер жатады. 
Сонымен бірге органеллаларды жалпы мағынадағы және арнайы мағынадағы органеллалар 
деп бөлінеді. Жалпы мәндегі органеллалар барлық жасушаларда бар, ал аранайы мәндегі 
арнайы жасушаларда белгілі бір қызметті атқарады. Мысалы, ішек эпителиінің 
микробүрлері, микрофибрилдері және т.б. 
Эукариоттық жасушалар әдетте прокариоттарға қарағанда ірі болып келеді. Олардың 
айқын да анық морфологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, прокариоттар мен эукариоттық 
жасушалардың ортақ қасиеттері көп. Бұл тірі ағзаның жасушалық жүйесіне байланысты. 
Бұл да, басқалары да плазмалық мембранамен жабылған, қызметтері ұқсас қасиеттеріне ие. 
Ақуыз синтезі рибосомаларда жүреді және РНҚ синтезі, ДНҚ репликациясы, 
биоэнергетикалық үрдістер өзара ұқсас келеді. 
Адам және жануар ағзасының барлық жасушалары ұқсас құрылымда болады. 
Сыртынан жасушаны сыртқы ортадан шектеп қорғап тұратын, плазмалық мембранамен 
жабылған немесе плазмалеммамен жабылған. Ішінде ядро бар. Цитоплазма қосынды 
органоидтарымен бірге берілген. Химиялық құрамында органикалық және бейорганикалық 
заттары бар. Бірінші орында салмағы бойынша су тұр, бұл жасушаның тіршілігі үшін өте 
маңызды. Жасушалардағы көптеген элементтер иондар түрінде болады. Ең жиісі катиондар: 
К
+
, Na
+
,Са2
+
,Мg2
+
, және аниондар H3PO4-,Cl-,HCO3-.К кездеседі. Жасушаның 
органикалық заттарына аминқышқылдар, моно-және олигосахаридтер, май қышқылдары, 
азоттық негіздер және биополимерлердің макромолекулалары, атап айтқанда ақуыздар, 
липидтер, полисахаридтер, нуклеин қышқылдары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет