1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Жаңа замандағы театр



бет14/46
Дата22.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#95741
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі 4-тоқсан 11-сынып ҚГБ

Қысқамерзімді жоспар
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Аға сұлтан бейнесі

Бөлім:

ІІІ бөлім. Жаңа әлемдегі театр мен кинематография. Шешендік сөздер. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Тыныс белгілері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аға сұлтан бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;
11.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біліп, сілтеме жасап, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.



Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Аға сұлтан бейнесін сипаттаңдар.
2. «Аға сұлтан» деген ұғымды түсіндіріңдер.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет