1-Тапсырма. Тәжірибе жұмысы
1.Алқа, білезік, танамоншақ және сөмкеден құралған аксессуарлар жиынтығын қарап шығады.
Талдау жасайды: бұл жиынтықта стиль бірлігіне қалай және не арқылы қол жеткізілген?
2. Оқулықта алқа (білезік) және сөмке дайындаудың визуалды схемасы берілген.
Орындалуы күрделірек келетін танамоншақтың технологиялық картасы ЭҚ-да ұсынылған.
Күрделілігіне қарай орындай алатын бұйымды таңдап, өздігінен жасап көреді.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тәжірибе жұмысын орындайды.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма. Тәжірибе жұмысы.
Білезік алқаның жасалу схемасы бойынша орындалады. Білезікті дайындау үшін қанша моншақ, бисер, леска қажет болатынын есептейді. Бұйымды дайындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.тәжірибе жұмысты орындайды.
2.Бұйымды дайындайды.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|