Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
«FILA кестесін толтыру» әдісі бойынша тапсырманы орындатады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалайды.
Кері байланыс орнатады.
|
Шығармада көтерілген мәселелерді «FILA кестесін толтыру» әдісі бойынша ұлттық мүдде тұрғысынан талқылайды.
F (Дерек) – шығармадан негізгі кейіпкерлер бейнесін ашатын деректер;
I (Пікір) – кейіпкерлер туралы өздеріңнің ой-пікірлерің;
L (Сұрақ) – кейіпкерлердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар қою;
A (Іс-әрекет) – автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
|
Дескриптор:
-Әдісті пайдаланады.
-Кейіпкерлерді талқылайды.
Жалпы - 5 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.
|
Жұптық жұмыс
|
Мұғалім тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Роман-эсседегі ақыл-өсиетке, парасатты ойға құрылған сөйлемдерді дәптеріне көшіріп жазады.
|
|