10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме) жазу;
10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазады.
Көпшілік оқушылар үшін: Ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазады.
Кейбір оқушылар үшін: Ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, талқылайды.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Оқушылар өздері бір-біріне сұрақтар қояды. Бөлімді аяқтау мақсатында сұрақтар қояды.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.