1 сабак Биотехнологияға кіріспе


Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір жасушадан көбейген жасушалар тобы



бет7/8
Дата27.10.2022
өлшемі2,92 Mb.
#45692
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 сабак Биотехнологияға кіріспе

Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір жасушадан көбейген жасушалар тобы. Клондау (ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ молекуласы бар. Гибридті ДНҚ алу барысында атқарылатын ген инженериясы жұмыстарының дұрыс жүруіне, бактериалды жасуша бірліктеріне кіретін плазмидтер деп аталатын құрылымдар үлкен роль атқаратындығы анықталған. Плазмидтер дегеніміз – құрамына 2250-ден 400000 жұпқа дейін нуклеотидтер кіретін ДНҚ молекуласы болып табылады. Генетикалық инженерияның əдістерін дамытуда эндонуклеазалар деп аталатын спецификалық ферменттер өте үлкен маңызға ие болды.


Жасушалық инженерия зертханасында жасушалық өсіріндімен жұмыс жасаудың әр кезеңіне арналған жұмыс зоналар болу керек:
  • Қызметкерлердің мәліметтерді өңдеуге арналған үстел, кітаптар үшін шкафтар, комьютерлермен қамтамассыз етілген зона.
  • Бокс алдындағы бөлме. Осы жерде қызметкерлер киімдерін залалсыздандырылған киімге ауыстырады, қолдарын жуады. Мұнда киім, халаттар үшін шкафтар, душ, қолжуғыш болу керек.
  • Залалсыздандырылған бокс залалсызандырылған жағдайда жасушалар өсірінділерімен манипуляцияларды жасау және оларды өсіруге арналған зона. Осында ламинарлық шкафтар, СО2 – инкубаторлар, термостаттар, жарықтық, инверсияланған және люменисцентті микроскоппен зертханалық үстел, зертханалық ыдыспен шкаф және тоңазытқыш болу керек.
  • Кельвинаторлық бөлме жасушалар өсірінділері, қоректік орталар мен реактивтерді ұзақ уақытқа сақатауға арналаған. Осында -152 С0 төмен температуралы тоңазытқыш, өсірінділерді сұйық азотта сақтау үшін Дьюар ыдыстары, фармацевтикалық тоңазытқыш (0--+5 С0) орналасу керек.
  • Автоклавты бөлме – аспаптарды, қоректік ортаны залалсыздандыруға, жасушалық өсірінділерді «өлтіруге» арналған жуғыш бөлме. Осында автоклав, құрғататын (сухожаровой) шкаф, қолжуғыш орналасу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет