Жалпы, биотехнология – әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады. Демек бұл микроорганизмді қолдану аумағын кеңейтеді.
Ген инженерия және клеткалық инженерия әдістерінің ашылуы биотехнологияға деген ерекше өнндіріс түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр. Ген инженериясы молекулярлық биологияның әдістерінің негізінде дүниеге келген технологиялар сан қилы салаларда пайдаланылады, мысалы, адамның және жануарлардың тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалау, криминалистика және этнография, шаруашылыққа пайдалы және биологиялық белсенді заттар, трансгенді өсімдіктер мен жануарлар шығару, бүтін организмді, органдарды немесе жеке клеткаларды клондау. Болашақта ген инженериясы көптеген тұқым қуалайтын ауруларды болдырмауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Сабаққа дайындық сұрақтары 1.Ғылым ретінде биотехнология пәні мен міндеттері. 2.Биотехнология объектілері. Салалары. 3. ХХІ ғасырдағы биотехнологияның дамуы. 4."Гендік инженерия" түсінігі. 5.Рекомбинантты ДНҚ технологиясының негізгі принциптері. Сабаққа дайындық сұрақтары: 6. "Жасушалық инженерия" түсінігі. 7. Селекция әдістері. 8. Гибридизация әдістері.