1 сабак Биотехнологияға кіріспе



бет1/8
Дата27.10.2022
өлшемі2,92 Mb.
#45692
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 сабак Биотехнологияға кіріспе

Биотехнологияға кіріспе

Жоспар:

  • Кіріспе:
    • Биотехнология ұғымы.
  • Негізгі бөлім:
    • Биотехнологияның ғылым ретіндегі пəні мен міндеттері.
    • Биотехнология нысандары.
    • Дəрілік заттардың биотехнологиясы.
    • Гендік инженерия ғылымының даму тарихы
    • Гендік инженерия шешетін мәселелер
    • Гендік инженерия пәнінің әдістері
    • Гендік инженерияда қолданылатын ферменттер.
    • Жасушалық инженерия
  • Қорытынды.
  • Қолданылған əдебиет.

Пәннің мақсаты: субстанцияларды, дәрілік препараттарды, сондай-ақ профилактикалық және диагностикалық құралдарды синтездеу мен трансформацияның битехнологиялық әдістері арқылы, сондай-ақ биологиялық және химиялық әдістер комбинациясы арқылы алу бойынша жүйелі білімді, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: "фармацевтикалық биотехнология" пәні әр түрлі биотехнологиялық әдістердің көмегімен (макро – және микроорганизмдер, биокатализаторлар, ферменттер және т.Б.) Биологиялық белсенді заттарды, атап айтқанда, дәрілік заттарды алу фармация мен медицинадағы маңызды бағыттың қазіргі жағдайын баяндайды.

Кіріспе


Биотехнология — (био…bios-тіршілік +thechne, (грекше) — өнер, шеберлік және logos — ғылым) — тірі ағзалар (организмдер) мен биологиялық әрекеттеді өндірісте пайдалану.
Биотехнология – адамға пайдалы өнімдер алу мақсатында тірі жүйелердің (жануарлар мен өсімдік жасушалары, микроорганизмдер) жəне олардың құрамдас бөліктерінің көмегімен жүзеге асырылатын технологиялық процестердің жиынтығы.
Тарихы:
  • "Биотехнология" терминін алғаш рет 1917 жылы Венгр инженері Карл Эреки қолданған.
  • 1971 жылға дейін биотехнология термині негізінен тамақ өнеркəсібінде жəне ауыл шаруашылығында қолданылды.
  • 1970 жылдан бастап ғалымдар бұл терминді рекомбинантты ДНҚ мен in vitro өсіретін жасуша дақылдарын пайдалану сияқты зертханалық əдістерге қолдануда қолданады.
  • Фармацевтикалық биотехнологияда соңғы өнім фармацевтикалық субстанция немесе дəрілік зат болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет