Биотехнологияның ашылуы, және даму тарихы Биотехнологияның пайда болуымен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты: 1. Пастер ғасырына дейінгі эра (1865ж.). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандаағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу. 2. Пастер ғасырлық кезеңі(1866-1940 жж.) – Этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру. 3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960 жж.) – Тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтарлың микробиологиялық биотрансформациясы. 4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975 жж.) – Микробты мунаттар көмегімен амин қышқылдарын өңдіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өадірістік қолдану. Канализацилық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру. 5. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 ж. Бастап) – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
Фармацевтикалық биотехнология - тірі жүйелердің көмегімен дəрілік заттар мен фармацевтикалық субстанцияларды алу тəсілдері, сондай-ақ олардың сапасын бақылау əдістері туралы жүйеленген ғылыми білімді қамтитын оқу пəні
Биотехнологияның міндеттері мыналарды құру болып табылады:
адамдар мен жануарларды тиімді алдын алу, диагностикалау жəне емдеу үшін жаңа биологиялық белсенді заттар мен препараттар;
аурулар мен зиянкестерден өсімдіктерді қорғау құралдары, бактериялық тыңайтқыштар жəне өсімдіктердің өсуін реттегіштер, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары өнімді жəне қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді жаңа сорттары;
өнімділікті арттыру үшін мал шаруашылығында қолдануға арналған бағалы азықтық қоспалар мен биологиялық белсенді заттар (азықтық ақуыз, аминқышқылдары, ферменттер, витаминдер жəне т.б.);
тамақ, химия, микробиологиялық, мұнай өңдеу жəне басқа да салаларда пайдалану үшін бағалы өнімдер алудың жаңа технологиялары;
энергия тасымалдаушылар (биогаз), жоғары сапалы органикалық тыңайтқыштар, ақуыз жəне витаминдік қоспалар алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу жəне биоконверсиялаудың қалдықсыз жəне экологиялық таза технологиялары.