7. Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Тыныс алу жиілігін санау. Тыныштық күйде ересек адамда тыныс қимылдары жиілігі минутына 16-20 рет, ал әйелдерде ерлерге қарағанда 2-4-ке көп. Жатқан қалыпта әдетте тыныс жиілігі азаяды (минутына 14-16-ға дейін), ал вертикальды қалыпта жиілік (18-20-ға дейін) өседі. Беткейлі тыныс әдетте тыныштық күйде, ал физиологиялық не эмоционалды жүктемелерде тыныс тереңдеу болады. Ескеретін жәйт, тынысқа деген қажеттілік жедел ауруларға не жедел тыныс жетіспеушілігіне байланысты қанағаттандырылмаса, пациент жағдайын бағалағанда бірнеше осыған сәйкес белгілерді табуға болады. Тыныс жиілегенде сөйлеу әрдайым өте қиын. Жедел тыныс жетіспеушілігінің жоғары дәрежесінде адам есінен айырылады, комалық жағдайға түседі.
Қалыпты тынысқа деген қажеттілікті бағалау (жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету) үшін,медициналық мейірбике пациентінің субьективті (сұрастыру) және обьективті (қарау) тексерулеріне орындай білуі керек.
Ентігу - әдетте,пациент ауа жетіспейді,дем ала алмаймын дейді.Ентігу белгілеріне тыныстың жиілеуі,оның тереңдігінің өзгеруі(беткейлі не,керісінше,тереңдеу тыныс) және ырғағының бұзылуы жатады.Міндетті түрде ентігу қандай жағдайда байланысты пайда болатынын анықтау керек.Ол физиологиялық,егер жүктемеден не стрессті жағдайдан кейін пайда болса,патологиялық(тыныс мүшелері,қан айналым,ми қан жүйелері және басқа ауруларында)ентігу түрінде болуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда медициналық мейірбике тыныс ырғағаның және тереңдігінің патологиялық бұзылуын табу мүмкін.Олар ми және оның қабықтары ауруларында (миға қан құйылуы,ми жарақаты не қатерлі ісігі,менингит және т.б.),сол сияқты ауыр интоксикацияларда (уремиялық,диабеттік кома және т.б.) кездеседі.Тыныс алу жиілігін анықтау үшін қолды зерттеушінің асқазанасты тұсына қойып, әрбір демді ішінен алған сәтте сол аймақтың көтерілуіне көңіл аудару керек немесе пульсті анықтататындай зерттеушінің қолынан ұстап, сол сәтте көзбен кеуде торшасының тыныстық қозғалыстарын қадағалап отыру керек. Осылайша тыныс алу қозғалыстарын минутына санайды. Міндетті түрде науқастың, оның тынысын санап отырғанын байқау керек, себебі ол жиілікті еріксіз өзгертуі мумкін. Тыныстың жиілеуі дені сау адамда жүйке қозуы кезінде , сонымен қатар физикалық қозғалыс кезінде және одан кейін байқалады. Әдетте ол қысқа мерзімді және оның себебін тоқтаттқаннан кейін бірден басылады.
Тыныстың патологиялық жиілеуі келесі жағдайларда байқалады:
1. Дене қызуы көтерілгенде. Бұл жағдайда тыныстың жиілеуі қызған қанмен тыныс орталығының тітіркенуімен байланысты.
2. Өкпенің әртүрлі ауруларында. Тахипноэның бұл кездегі себебі қанда көмірқышқылдың ( гиперкопния ) жиналуына әкелетін, сонымен қатар тыныс алу орталығының тітіркендіргіші болып табылатын өкпедегі газалмасу бұзылыстары болып табылады. Ол шектен тыс тітіркеніп тахипноэға әкеліп соқтырады.
3. Плевралық қуыста сұйықтықтың немесе ауаның жиналуымен жүретін жағдайлар, ол өкпенің сығылуына әкеледі, тыныс беткейінің азаюына, гиперкопнияға және тыныс алу орталығының шектен тыс тітіркенуіне әкеледі.
4. Кеуде торшасында қалыпты тыныс алу тереңдігі кезінде де, демді алуыдың қалыпты тереңдігін қиындатумен жүретін қатты ауырсынуға әкелетін аурулар ( миозит, құрғақ плеврит, невралгия және т.б.). Мұндай жағдайларда гиперкопния және тыныс орталығының шектен тыс тітіркенуін тудыратын демді ішке алатын және сыртқа шығаратын ауа көлемі азаяды.
5. Жүрек –қантамыр жүйесінің кейбір аурулары.
6. Ауыр анемиялар. Эритроциттер саны –оттегіні тасымалдаушылар –бұл кезде азаяды. Бұл гипоксемияға және гиперкопнияға әкеледі, тыныс орталығына әсер етеді және тахипноэ.