1. Санитариялық-эпидемияға қарсы режим. Стерилизация: түрлері, тәсілдері



бет7/14
Дата04.11.2023
өлшемі83,37 Kb.
#121813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Мейіргер ісі №2рк (1)

8. Халі ауыр пациенттердің күтімі.
Ауыр науқастарға күтім жасау – күрделі де жауапты процесс. Ауыр науқастарға мейірбикелік күтім мыналарды қамтиды: төсекте жайлы қалыпты – төсек жайлылығын қамтамасыз ету, төсек және іш киімді уақтылы ауыстыру, ойылудың алдын алу және оларды өңдеу , ауыр науқасқа арналған тері күтімі, мұрын шырышты күтімі, ауыр науқастың ауыз қуысына күтім жасау, көзді, есту жолдарын өңдеу.
Сондай-ақ, ауыр науқаспен тілдесу кезінде медбике оны мұқият қадағалап отыруы өте маңызды: оның мимикасы, интонациясы, дене қимылдары сөзден гөрі көп нәрсені білдіреді. Оның ауырсынуды (қай жері және ол қашан пайда болатынын), қызуы көтірелгенін, қалтырауын, үрейленетінін, ыңғайсыздықты, бас айналуын сезінетінін, пациент су ішкісі немесе тамақ жегісі келе ме, соны білу керек. Оның негізгі физиологиялық көрсеткіштерін: дене температурасын; тамыр соғысын; қан қысымын; тыныс алу қозғалысының жиілігін; физиологиялық күйін бақылау қажет.Күтім жасаушы қызметкер пациентке тиісті көңіл бөліп, мейірбандық танытуы керек.Ауыр науқастарға күтім жасау алгоритміне көбінесе массаж кіреді, өйткені ол қан айналымды, қан қысымын, гематомалардың, ісінудің тартылуын, қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Мұндай адамдардың қимылдау, тыныс алу, тамақтану, сұйықтық ішу және тағы басқа функциялары бұзылған. Өкпедегі жағымсыз құбылыстардың бірі іркілістік пневмония болып табылады. Бұл асқынудың алдын алу үшін пациенттер тыныс алу жаттығуларымен айналысуы керек. Оның қарапайым әдістері: мұрын арқылы терең тыныс алу, тыныс алуды ұстап тұру және ауыз арқылы жәймен дем шығару. Егер қол зақымданбаған болса, онда тыныс алу жаттығуларын келесі қимылдармен күшейтуге болады: демді тартқан кезде қолды жоғары көтеріп, дем шығару кезінде төменге түсіреді.
ауыр науқастарға күтім жасаудың негізгі ерекшеліктері: физиологиялық және психологиялық тыныштықты қамтамасыз ету; физиологиялық көрсеткіштерді бақылау; жатқан қалыптан туындаған асқынулардың алдын алу; гигиеналық іс-шаралар; тамақтануды ұйымдастыру; оптимизм мен уәждеме ахуалын қалыптастыру; оңалту іс-шаралары.
науқастардың өмірін едәуір жеңілдете алатын бірқатар манипуляцияны қамтиды. Олардың бірі – ойылуларды өңдеу және олардың алдын алу. Жұмсақ тіндерге ұзақ уақыт бойы салмақ түсіп тұратындықтан адамның денесі ойыла бастайды. Сонымен қатар ауыр науқастардың денелері оларға күтім мұқият орындалмағаннан да ойылады (қыртыстанған және тамақ ұсақтары жатқан ылғалды төсек). Асқыну жағынан ойылу бірнеше кезеңнен өтеді: бозару; көгерген дақтардың пайда болуымен тері қабатының қызаруы; қабыршақтардың пайда болуы Ойылудың пайда болуына бейім жерлердегі теріні күніне 2-3 рет суық сумен және сабынмен жуып, камфора спиртіне малынған майлықтармен сүртіп, тальк ұнтағымен сүрту керек. Ойылған жерлерді өңдеуді медбикеге немесе дәрігерге тапсыру керек.
Ауыр науқастарға гигиеналық күтім жасау Гигиеналық тері күтімі пациенттің қажеттілігіне байланысты, бірақ күніне кемінде 1-2 рет жүргізілуі керек. Күтімнің болмауы жалпы күйдің нашарлауына, қиылған, ойылған жерлердің асқынуына әкелуі мүмкін. Тырнақтарға гигиеналық күтім олар өсіп келе жатқанда жүзеге асырылады: қолдардағы тырнақтарды кесу және өңдеу 3-5 күнде 1 рет, аяқтарда – 7-10 күнде 1 рет орындалады. Қолдардағы тырнақтарды кесу үшін бір немесе екі дөңгелек ұштары бар қайшыларды қолданған дұрыс: бұл тырнақтың астынан кір мен қабыршыққа айналған эпителийді қауіпсіз кетіруге мүмкіндік береді.
Шашқа гигиеналық күтім жеке орындалады, ол 5-7 күнде орта есеппен 1 рет жуылады, сонымен қатар оны күнделікті тарау қажет. Ауыз қуысы мұқият күтімді қажет етеді. Егер пациенттің ауыз қуысы қайта-қайта тазаланбаса, онда ауру тудыратын бактериялар ауыз бен тамақта жиналып, тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларына әкеледі. Зеңмен ластануды болдырмау үшін, ауыз қуысын күніне кемінде 2 рет, ал назогастральды зонд болған кезде күніне 4 рет шаю керек. Көздің шырышты қабығының қабынуын болдырмау үшін көзге әдеттегі гигиеналық күтім күніне 1-2 рет жасалуы керек. Көздер қайнаған сумен немесе тұзды ерітіндімен жуылады, қабыршақтар 2% бор қышқылына малынады. Науқастың құлағын жылы сумен және сабынмен жуу керек. Сыртқы есту жолын мақта таяқшасымен тазалау керек. Мұрын қуысына күтім жасауға мұрын жолдарын бөлінген сұйықтықтан тазарту кіреді, ол күніне 1-2 рет жасалуы керек.Ауыр науқастардың астын жуу калий перманганатының сұйық ерітіндісімен немесе басқа жылы (30-32 °с) дезинфекциялық ерітінділермен жүргізіледі. Астын жуу үшін ыдыс, құмыра, корнцанг және стерильді мақта шарлары болуы керек. Пациенттерді әр дефекация актісінен кейін астын жуу қажет. Ауыр науқастардың тамақтануы Ауыр науқастардың көбіне тәбеттің жоғалуы тән. Сондықтан жатқан егде адамға қандай тамақ беру керектігін білу маңызды. Кейде ол тамақ жей алмай, тіпті бұрынғы сүйікті тамақтарын да жақтырмай қалуы мүмкін. Тамақтандыру процесі ауыз қуысының (назогастральды зонд) көмегімен жүзеге асырылады түтіктің ұшы ауыз қуысының артқы бөліктеріне енгізіледі. Тамақты түтік арқылы жібереді, оның бөліктерін қысу арқылы реттейді. Тамақтандыру кезінде науқасты отырғызу керек (ауыр жағдайларда – басын көтеру), майлы алжапқышпен жабу керек. Тамақтандыру орта есеппен 4 рет қайталануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет