1. Сауат ашу «Әліппе» оқулығымен танысу. ҚР жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Сауат ашу»



бет3/3
Дата13.09.2022
өлшемі30,36 Kb.
#38988
1   2   3
Байланысты:
Сауат ашу 2 -тапсырма

Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы
1. Оқытылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа – қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, буындағы басты-басты ойларға топталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауы іске асырылады. Қажет болса, сұраулар қояды.
4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты дыбысты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау және т.б.).
5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойларды оқушылар анықтайды.
6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып немесе көңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар т.б.).
7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.


6. Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.


Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар: 
1. Сауат ашудағы әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәні болуы керек. Мұғалім әр 
сабақтың мақсатын айқындай алуы керек; 
2. Сабақтың құрылымы, білім беруде қолданылған кӛмекші құралдар оқушылардың 
жасына лайық, тартымды, эстетикалық талапқа сай, ықшам, түсінікті және нақты болуға 
міндетті; 
3. Сабақ жүйелі болып, «жеңілден ауырға қарай» принципі жүзеге асады. Бұл сабақта 
оқушыларға бір ғана ауыр сұрақ, бір ғана жаңалық кездесуі керек; 
4. Тіл дыбысын, олардың әріп таңбаларын үйретуде фонетика, педагогика, психология 
ғылымдарының табыстарын естен шығармай, соған арқа сүйеу керек; 
5. Сауат ашу сабағы оқушылардың білімге деген қызығушылығын тудыруы керек; 
6. Оқу, жазу машықтарын, икемділігін қалыптастыру қажет; 
7. Сабақта ақпараттық технологиялар пайдаланылуға тиіс; 
8. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың дүниетанымын, еңбекке, еңбек адамына 
кқзұарасын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, кӛзқарасы қалыптастыру жзеге асады; 
9. Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. 
1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу және жазу-«Әліппе» оқулығы; 
тілдік және оқу материалдары-«Ана тілі» оқулығы) мазмұнда оқытылады. 1-сыныпта 
«Сауат ашу» пәнін оқытуға Базистік оқу жоспарында барлығы 238 сағат (аптасына 

7сағат) бӛлінген. «Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге 


асырылады. 
І жартыжылдықта – «Әліппе» оқулығы, ІІ жартыжылдықта – «Ана тілі» оқулығы. 
«Сауат ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген: 
1. Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат 
2. Әліппе кезеңі - 98 сағат 
3. Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат. 
Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты
міндеттер белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; 
сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әліппе кезеңінің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын 
қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. 
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу
дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сӛйлеу тілін дамыту; алғашқы 
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. 
Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстармен, олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі. 
1. А, Т, П, Ғ, Р, Л, У. 
2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ұ, ң, Ы. 
3. Е, К, І, Ӛ, И, З, Ә, Ү, Г. 
4. Я, Ю, Х, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, ь, ъ. 
Әліппегі берілген оқу материалдары сауат ашудың осы үш кезеңінің ерекшеліктеріне 
қарай орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет