1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Зайырлы мемлекет: ұғымы және қағидаттары (принциптері, белгілері)



бет25/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
23. Зайырлы мемлекет: ұғымы және қағидаттары (принциптері, белгілері) Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.
Зайырлы мемлекеттің белгілері: 1) діни институттардың, діни бірлестіктердің мемлекеттік институттар емес, азаматтық қоғамның институттары ретінде мойындалуы және олардың мемлекеттен бөлінуі; 2) түрлі конфессиялардың (діндердің) теңқұқықтылығы, яғни барлық дін өкілдері заң алдында тең; 3) діни (және атеистік) бірлестіктердің ұйымдасуы, әрекет етуі және олардың қызметінің заң шеңберінде және ерікті түрде болуы; 4) азаматтардың шіркеумен қатынасына және діни бірлестіктердің ішкі істеріне мемлекеттің араласпауы, сонымен бірге шіркеудің де мемлекеттің істеріне, саясатқа, жергілікті өзін-өзі билеуге және т.б. араласпауы; 5) мемлекеттік білім беру жүйесінің шіркеуден, діни бірлестіктерден бөлінуі және оның зайырлық сипатының дін тарапынан мойындалуы.
Қазақстан Республикасызайырлы мемлекет. Қазақстанда діни мекемелер, дін мемлекеттен бөлек. Қазақстандағы ислам мен православиелік т.б. нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығы. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.
Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін.


24. Әлеуметтік мемлекет: түсінігі және белгілері. Әлеуметтік мемлекетжоғары деңгейде дамыған қазіргі заманғы мемлекеттің ерекше типі, ол қоғам мүдделеріне қызмет ететін мемлекет. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – бар байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекеттің белгілері: 1) еңбекке қабілетті азаматтардың жалақысының лайықты деңгейде болуы; 2) адамдардың өз қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыруы; 3) еңбекке қабілетсіз тұрғындар (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, оқушылар, жұмыссыздар, қоныс аударғандар, босқындар т.б.) топтарын күшті әлеуметтік қорғау; 4) жақсы білім беру, денсаулық сақтау және басқа әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерінің (жол, транспорттық қызмет; адамдардың мүддесі үшін жүргізілген мемлекеттік менеджмент – әлеуметтік мемлекеттің маңызды сипаттамасы) болуы; 5) әлеуметтік айырмашылықтардың (қоғамның жоғары және төменгі топтарының кірістеріндегі айырмашылықтардың) төмен деңгейі; 6) әлеуметтік әділеттіліктің жүзеге асырылуы (адамның қоғамға беруі және одан алуы); 7) әлеуметтік жанжалдарды бейбіт түрде шешу; 8) қоғамның адамгершілік, өнегелік ережелерін іске асыру (қайырымдылық, рақымшылық, ізгі ниеттілік, альтруизм, адамдардың бір-біріне риясыз көмектесуі өмірдегі нормалар болу керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет