1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет22/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

Мемлекеттің түрлері: 1) басқару формасына байланысты: монархия (Англия, Жапония, Испания), республика (Қазақстан, Франция); 2) ұлттық-аумақтық құрылысының формасына байланысты: унитарлық (Қазақстан, Франция, Италия), федеративтік (АҚШ, Ресей, Үндістан), конфедеративтік (АҚШ (1781-1789), Швейцария (1815-1848), Гамбия мен Сенегал (1982-1989) болған); 3) саяси режиміне байланысты: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық; 4) бағытына қарай: құқықтық, әлеуметтік


19. БАҚ – «төртінші билік» құралы. Бұқаралық ақпарат құралдарыарнайы техникалық құралдар арқылы ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және көпшілікке таратумен айналысатын әлеуметтік мекемелер, қазіргі заманның маңызды әлеуметтік институты, ол қоғамдық өмірдің барлық саласына – саясатқа, денсаулық сақтау, білім беру, діни істер т.б. ықпал етеді.
БАҚ түрлері: баспасөз (газет, журналдар), кітаптар, баспа агенттігі, радио, телеведение, кино, аудиожазбалар, ғаламтор, әлеуметтік желілер.
1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған. Мемлекеттік биліктің үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы, сот) белгілі бір өкілеттілігі бар. Оларға бұл өкілеттілік заң бойынша берілген. Ал БАҚ-тың ешқандай нақты билігі жоқ, яғни оның қандай да болсын әрекетті күштеп мәжбүрлеуге заңды құқығы жоқ, мысалы, айыппұлды төлеткізуге. Алайда іс жүзінде БАҚ билік орындары сияқты іспен емес, бұқараға ақпарат, сөз арқылы әсер етеді, ал бұл бұқара үшін өте күшті ықпал болып табылады, ақпарат арқылы адамдардың өміріне ықпал етеді. Яғни БАҚ адамның санасын, ақыл-ойын билеп төстейді (басқарады), сондықтан оның билігі мемлекеттік биліктің заңды үш тармағынан кем түспейді. БАҚ-тың күші соншалықты, ол тұтас халықтарды белгілі бір ойларға бағдарламалай алады. БАҚ қоғамға, адамның санасына үлкен ықпал етеді, соған байланысты оны «төртінші билік» деп атайды.
БАҚ-тың функциялары: 1) қоғамдық өмірдің кез келген саласындағы (экономикалық, саяси, әлеуметтік, діни т.б.) қандай да болсын оқиға, құбылыс туралы ақпарат жинап, оны тұрғындарға таратады; 2) білімді жеткізіп, адамның танымдық қабілетін кеңейтеді; 3) адамдардың әлеуметтік ережелер, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал етеді (әлеуметтендіру); 4) қоғамдық өмірдің кез келген саласындағы түрлі құбылыстар туралы қоғамдық пікірді қалыптастырады. 5) Бұқараны әлеуметтік, экономикалық, саяси міндеттерді шешу үшін нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке жұмылдырады (мысалы, «салықты төле де, тыныш ұйықта», «қоқысты орманға тастама» т.б. тақырыптардағы бағдарлама мен мақала). Азаматтардың белсенділігін ынталандырып, БАҚ сайлау науқаны, дауыс беру қорытындысына біраз ықпал етеді.
6) БАҚ партиялар, қоғамдық бірлестіктер сияқты азаматтардың саяси мүддесін қорғайды. Бірақ кей жағдайда тек БАҚ қана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, болуы мүмкін әлеуметтік, саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, биліктің жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді. БАҚ бүгінде қоғамның билікке бақылау жасауының да маңызды құралы. Ол билікті тежейді, сауықтырады. Кейбір саясатшылардың заңсыз әрекеттерін жарыққа шығарады, саясатшылар БАҚ-пен санасуға мәжбүр болады. Мысалы, 1972 ж. «Вашингтон пост» журналистері «Уотергейт ісі» бойынша тергеу бастап, оған АҚШ президенті Р.Никсонның қатысы бар делініп, бұл оның биліктен кетуіне әкелген. 2012 ж. ақпанда Германия президенті К. Вульф өзінің қызметтен кететіндігі туралы мәлімдеді. Бұған да 2011 ж. желтоқсанда «Билд» газетінде оның заңсыз әрекеттері туралы мақаладан басталған дау-дамайлар себеп болған.
7) БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап-арбау мақсатында қолдану азаматтарға, қоғамға аса қауіпті болып табылады. Бұл адамдарды жалған ақпараттарға сендіріп, оларды өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу, яғни адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқарудан көрінеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Сондықтан қазіргі кезде қоғам БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет