3-сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Әлемдегі халық санының жоғары қарқынмен өсуі азық-түлік проблемасын шиеленістіріп отыр. Біз үшін бұл сын-қатер астарында үлкен мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушымыз. Біз экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау өз қолымызда, ол үшін жаңа ой-сана қажет.
4-сын-қатер – судың тым тапшылығы. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. 2050 жылға қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су – шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін шиеленіс пен жанжалдар болып жатыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Қазірдің өзінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануға байланысты мәселелер бар.