1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


«Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қазақстанның даму басымдықтары мен бағыттары. ХХІ ғасырдың 10 жаһандық қауіптері



бет114/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163
61. 62. «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қазақстанның даму басымдықтары мен бағыттары. ХХІ ғасырдың 10 жаһандық қауіптері. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсанында, тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында жарияланды. Басты мақсат - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, 2050 жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу.

Қазақстан – 2050 стратегиясының мазмұны 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде 21 жыл ішінде еліміздің жүріп өткен жолына және «Қазақстан-2030» құжатында қамтылған 7 басымдықтардың орындалуына қорытындылар жасайды.

1997 жылы Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясы қабылданды. Бұл кеңестік кезеңнен кейінгі қиын кезең болатын. Мемлекеттің алдында үлкен міндеттер тұрды: 1) мемлекеттің іргесін қалау, нарықтық экономиканы қалыптастыру; 2) әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау; 3) қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз бұл міндеттерді орындадық.

1. Тәуелсіз Қазақстанды, қуатты, табысты мемлекетті құрғандығымыз. Шекарамыз белгіленді. Елдің тұтас экономикалық кеңістігін құрдық. Конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салынды. Сыртқы дербес саясатымыз қалыптасты.

2. Қоғам демократиялана түсті. Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен дамып келеміз. Қоғам дамып, демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеміз. Конституциямызда адам құқықтарын, бостандықтарын бекіттік. Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықты.

3. Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығы. Қазақстанда  140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрады. Олардың арасындағы татулық  пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Біздің еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон (үлгі) ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі ұлттардың, мәдениеттердің келісімінің бірегей үлгісі болды. Қазақстанда әлемдік діндердің съездері өткізілді.

4. Ұлттық экономикамызды дамыттық. Елімізде нарықтық экономиканың заманауи үлгісі жасалды. 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылды. Индустрияландыру бағдарламасы жүріп жатыр. Мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарындамыз.

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат. Әлемдегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, мемлекет әлеуметтік салаға ерекше маңыз беріп келеді. Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарды. 15  жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Әлеуметтік мемлекеттің негізі қаланды. Ұлт денсаулығын жақсарту ісінде табыстарға жеттік, білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті.

  6. Әлемдік қауымдастық таныған ел. Әлемдік саясатта біздің еліміз  - халықаралық беделге ие жауапты, сенімді серіктес. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыруға бастама жасадық. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсындық. Біз жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз.



7. Ядролық қаруды таратпау режимін ілгерілетудегі  біздің белсенді рөліміз. Ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жаптық, атом қаруынан бас тарттық, жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста  осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі  болып танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет