7-сын-қатер – Үшінші индустриялық революция. Әлем Үшінші индустриялық революция қарсаңында тұр. Технологиялық жаңалықтар, цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және ғылыми жетістіктер әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін, қоршаған ортаны, адамның өзін де өзгертеді. Біз осы үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
8-сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі кезеңде әлемде әлеуметтік тұрақсыздық күшеюде. Оның себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде 200 миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отыр. Бүгінде біз жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бірақ біз масаттануға тиіс емеспіз. Жаһандық экономикалық дағдарыс жалғасуда, ол Қазақстанға кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту қажет.