1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт: Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау



бет122/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   163
2-бағыт: Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. 2030 жылға қарай шағын, орта бизнестің экономикадағы үлесі аз дегенде, 2 есеге өсуі тиіс. Іскерлік мәдениет деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Жеке бизнес әрқашан, барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз.

3-бағыт: Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік. Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары: 1) мемлекет жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Тұлғаның қажеттіліктері тізімін кеңейту, оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу, саламатты тамақтану, саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу т.б. 2) Мемлекет әлеуметтік қолдауды тек мұқтаж топтарға (зейнеткерлер, мүгедектер, еңбекке жарамсыздар, науқас балаларға) ғана көрсетуі тиіс. 3) Өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аударуымыз қажет. Моноқалаларды, шағын қалаларды дамыту. Бұлардың базасында ұзақ мерзімге арналған көптеген индустриялық жобалар жасау, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамту. Шектес елдердерден келіп жатқан көші-қон ағынына бақылауды күшейту. Шетелдік еңбек нарықтарына кетіп қалмау үшін отандық білікті мамандарға қолайлы жағдай жасау. Шекаралас аудандарды дамыту. 4) Еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз. Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.

Жаңа әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіана мен баланы қорғау. Әйелдерге үндеу. Әйелдер – отбасының, мемлекеттің тірегі, еліміздің болашақта қандай болатыны балаларға берген тәрбиеңізге байланысты, қыздардың тәрбиесіне көңіл бөліңіздер. Қыздардың сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болу, тәуелсіз болуы үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Қыздарымыз салтымызға жат киімдерге оранбауы тиіс. Ананы қолдап-қорғауымыз қажет. Отбасында әйелдерге, балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолы қатаң кесілуі тиіс. Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатырған аналарға көмектесуі тиіс. Елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайды. Әйелдерді мемлекеттік, қоғамдық басқару ісіне белсенді тарту, әсіресе, өңірлерде. Олардың бизнес ашып, жүргізуіне қолайлы жағдай жасау.

Баланы қорғау. Бейбіт өмірде бізде мыңдаған жетімдер бар. Біз бұнымен күресуіміз қажет. Ажырасуға қарсымын. Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Алимент төлемегені үшін жазаны күшейту. Балаларға жақсы білім беруге ұмтылу. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы. Туу мен көп балалы болуды ынталандыру. Гендерлік теңдік.

Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі. Елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Сапалы және қолжетімді мед. көмек. Аурудың алдын алу. 16 жасқа дейінгі балаларды мед. қызметтің барлық спектрімен қамту. Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Ауылдық медицина қызметтерінің сапасын көтеру. Ауыл тұрғындары – бүкіл халықтың 43 %-ы. Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті. Қолжетімді спорт нысандары, жабдықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет