1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-басымдық – экономиканың жеделдетіл­ген технологиялық жаңғыртылуы



бет149/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   163
1-басымдық – экономиканың жеделдетіл­ген технологиялық жаңғыртылуы. Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолдану, т.б. перспективалы салаларды дамыту. IT-стартаптар халықаралық технопаркін құрып, ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым, салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режимі т.б. қолайлы жағдай керек. Жаңа индустриялар құру­мен қатар дәстүрлі базалық салаларды: өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы т.б. дамытуға серпін беруіміз керек.

Еңбек өнімділігін арттыру. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу т.б. арқылы. Бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индус­трияландыруды жалғастыру керек.Үкімет алдында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет. «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.

Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауы тиіс. Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейту. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу.

Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. Біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.

Жаңа еуразиялық логистикалық инфра­құ­рылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұм­салды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет. 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе, ал транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе - көбейту. 2015 ж. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсынылды. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс. Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалала­рымыздың ұзақ жылдарға сыртқы және техно­логиялық келбетін айқындаймыз. Құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.



Еңбек нарығын жаң­ғыр­ту. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалады. Үкімет пен әкімдер еңбеккерлердің басқа сала­ларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауы тиіс. Ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесіп, жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек. Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалып­тастыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет