1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет148/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)


69. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: басымдықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан  халқына Жолдауын 2017 ж. 31 қаңтарында жария етті.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Әлемде Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Қазақстанның алдына Үшінші жаңғырту міндеті қойылып отыр. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.


Қазақстанның бірінші жаңғыруы КСРО ыдырағаннан кейін басталды. Жаңа мемлекет құрдық. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көштік. Ел аман, азамат соғысы, экономикалық күйзеліске ұшырамай, аз шығынмен, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясы­ның қабылдануымен, жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Ол да нәтижелі болып, еліміз экономикалық артта қалған аймақтан шығып, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру –болашаққа, «Қазақ­стан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенім­ді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Оның 5 негізгі басымдығы бар: 1) экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы; 2) бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту; 3) макроэкономикалық тұрақтылық; 4) адами капитал сапасын жақсарту; 5) институционалдық өзгеріс­терге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет