2. Әлемде ядролық қарудан азат аймақтарды көбейту. Әлемде ядролық 6 аймақ бар: Антарктида, Латын Америкасы, Африка, Австралия мен Океанияны қоса алғанда. Олардың ішіндегі ең «жасы» 2006 ж. Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерді белсенді ету керек. Кең ауқымды Бейбітшілік Ареалдарын құру қажет. Оларда соғыстар, жанжалдарға орын болмауы керек.
3. ХХІ ғасырда жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар қалдықтарын еңсеру керек. Өткен соғыстар мен жанжалдар көрсетікендей, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет. Таяудағы онжылдықтағы жалпыға ортақ міндет Ауғанстан, Иракта, Йемен, Ливия мен Сириядағы, Украинаның шығысындағы соғыстар, жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату, Корей түбегі, Оңтүстік-Қытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті болуы тиіс.
4. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупі күшейеді. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда жаңа қатер – терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр.
5. Соғыссыз әлем - халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді.
Сөзінің соңын Президент ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Адамзат ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтері, саясаткерлері, ғалымдары, бизнесмендері, өнер қайраткерлері, миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет дей келе, өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінің ХХІ ғасырда өмір сүретін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырғандығын айтты. Адамзатты соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл ең көкейкесті міндет, деді.
Достарыңызбен бөлісу: |