2-сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздіктің күшеюі. Адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы еңбек нарығындағы проблемаларға, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкеледі. Демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. Елімізге заңсыз еңбек мигранттарының көптеп келуі еңбек нарықтарынтұрақсыздандыруда. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар.