Мемлекеттік қызметке азаматтарды кәсіби біліктілігіне, қол іс келетіндігіне (меритократия) қарай ашық түрде таңдап алуымыз қажет. Мемлекеттік қызметші биліктің бір сатысынан екіншісіне өзінің білімін, кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Мемлекеттік аппарат пен бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа жүйесін құруымыз керек. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.