1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт: Түгел қамтитын экономикалық прагматизм



бет121/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

1-бағыт: Түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Жаңа кадр саясатын жүргізу. Ең үздік шетел мамандарын тартуымыз керек, бұл арқылы өндірісіміздің менеджментін жаңғыртамыз және өз кадрларымызды үйретеміз. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс. Бюджетті сақтап, «қиын-қыстау» күнге резерв жинау. Бюджет-қаржылық процеске деген көзқарас жеке салымдарға көзқарас сияқты ұқыпты, ойластырылған болуы керек. Бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауы тиіс. Өндіріс, жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режимін енгізу, жетілдіру. Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс. Инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Банктерді проблемалық кредиттерден тазарту. Ұлттық Банк пен Үкіметке ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуі қажет. Елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауымыз қажет. Мемлекеттік қарыз аз мөлшерде қалуы тиіс.

Инфрақұрылымды дамытуға деген жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. Инфрақұрылымды 2 бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру және ел ішіндегі өңірлерге қарай қадам жасау қажет. 2020 ж. Қазақстан арқылы тасымалдау 2 есеге, 2050 ж. 10 есеге ұлғаюы тиіс. Жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет.

Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту. Қазақстан – көлемі шағын экономика. Ел бюджетін жай бөліп қоймай, ойлы салмақты инвестициялау қажет.

Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет. Энергияның балама түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз.

Индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет. Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай 2 есеге, ал 2040 жылға қарай 3 есеге ұлғаюы тиіс. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазақстан, Ресей, Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құру кезеңі басталады. Осы ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

Ауыл шаруашылығын жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Егістік алаңын ұлғайту, егістік түсімін жаңа технологиялар енгізу есебінен көтеру. Экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Ауыл шаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту. Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет.

Еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет. Ауыл шаруашылығы үшін бізге аса көп су қажет. Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін зерттеп, енгізуіміз қажет. Жер асты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет. Суды ысырап етуді тоқтауымыз қажет. 2050 жылға қарай сумен қамтамасыз ету проблемасы түбегейлі шешілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет