5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.Биыл 1917 ж. Қазан төңкерісіне 100 жыл толады. ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң, зұлмат ғасыр болды: 1) ұлттымызға қоғамдық құрылымның жат үлгісі еріксіз таңылды; 2) ұлтымызға қатты демографиялық соққы жасалды; 3) қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады; 4) еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Сонымен бірге ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерді де берді: индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуы, жаңа интеллигенцияның қалыптасуы. Алайда бұл жаңғыру – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Революциялар бүгінде жалғасып жатыр. Оның формасы, мазмұны өзгерді. Революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Олар қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталады. Біздің өткен тарихымыз эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретіндігіне көзімізді жеткізді.