1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Саяси әлеуметтену: түсінігі және мазмұны



бет34/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   163
12. Саяси әлеуметтену: түсінігі және мазмұны. Саяси әлеуметтену дегеніміз – жеке адамға, тұлғаға қоғамның саяси өмірінің толық құқықты қатысушысы болуға, қоғамдық күрделі процестерде дұрыс бағдар ұстауға, саясатта саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір саяси білімдерді, құндылықтарды, нормаларды меңгеру, алдыңғы ұрпақ жинақтаған саяси тәжірибеге ие болып, оны одан әрі жалғастыру процесі. Тар мағынасында, саяси әлеуметтену дегенеміз жеке адамның әлеуметтік-саяси тұлға ретінде қалыптасуы.

Саяси әлеуметтену процесі нәтижесінде индивид саяси мәдениетті меңгеріп, оның саяси бағдары мен позициясы қалыптасады.

Саяси әлеуметтену процесінің агенттері (ұйымдары, институттары): мекемелер (отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, қызмет ету мекемесі, мемлекет, партия, діни ұйымдар), қарым-қатынас топтары (ағайын-тумалар, таныстар, мүдделер бойынша біріккен топтар), бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидар, компьютерлік хабарлама-ақпараттық жүйелер).

Адамның азаматтық жетілуі және оның саясатқа араласуының кезеңдері. Бұл процесс ерте балалық кезеңнен (ес білген кезден, 3-5 жастан) басталып, өмір бойы жалғасады. Әлеуметтенудің ерте балалық кезеңінде адам отбасы, айналасындағы туысқандары, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы саясат туралы алғашқы мәліметтер алады.

Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы – мектептегі кезең. Бұл кезде оқушылар жалпыға бірдей негізгі саяси құндылықтар мен көзқарастарды оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі – 16-40 жас аралығы. Бұл кезде адам – азамат атанады, сайлауға қатыса бастайды, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғарғы оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі – 40-60 жас аралық. Бұл – адамның есейген шағы. Адамдардың саяси әрекетіне өмір тәжірибесі, балалары, тұрақты көзқарастары әсер етеді.

Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Кейбіреулері қоғамдық өмірге аз да болса қатысқанымен қанағаттанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет