1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет44/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   163
Мемлекеттің құрылымы: заң шығарушы билік (парламент) – елдің өмірін анықтайтын заңдар мен басқа да құжаттарды қабылдайды; атқарушы билік (үкімет, әкімшілік) – заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, елдің күнделікті өмірін басқаруды іске асырады; сот билігі (сот) – сот төрелігі мен дауларды шешуді іске асырады; мемлекет басшысы институты (президент немесе монархия институты); қадағалау-бақылау және арнаулы бақылау органдары (прокуратура, кеден, инспекциялар т.б.); қоғамдық тәртіпті сақтау органдары; мемлекеттік қауіпсіздік органдары; қарулы күштер, жергілікті билік орындары.

Мемлекеттің екі негізгі функциясы бар: ішкі (адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, экологиялық т.б.) және сыртқы (сыртқы күштердің араласуынан қорғау, мемлекеттің қауіпсіздігін – әскери, экономикалық т.б. қамтамасыз ету, әлемдік тәртіп пен тұрақтылықты қолдау, халықаралық қылмыспен күресу, басқа мемлекеттермен ынтымақтасу және әлемдік саясатқа кірігу). Мемлекеттің ең басты функциясы қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол үшін топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет