24. Әлеуметтік мемлекет: түсінігі және белгілері.Әлеуметтік мемлекет – жоғары деңгейде дамыған қазіргі заманғы мемлекеттің ерекше типі, ол қоғам мүдделеріне қызмет ететін мемлекет. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – бар байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекеттің белгілері: 1) еңбекке қабілетті азаматтардың жалақысының лайықты деңгейде болуы; 2) адамдардың өз қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыруы; 3) еңбекке қабілетсіз тұрғындар (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, оқушылар, жұмыссыздар, қоныс аударғандар, босқындар т.б.) топтарын күшті әлеуметтік қорғау; 4) жақсы білім беру, денсаулық сақтау және басқа әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерінің (жол, транспорттық қызмет; адамдардың мүддесі үшін жүргізілген мемлекеттік менеджмент – әлеуметтік мемлекеттің маңызды сипаттамасы) болуы; 5) әлеуметтік айырмашылықтардың (қоғамның жоғары және төменгі топтарының кірістеріндегі айырмашылықтардың) төмен деңгейі; 6) әлеуметтік әділеттіліктің жүзеге асырылуы (адамның қоғамға беруі және одан алуы); 7) әлеуметтік жанжалдарды бейбіт түрде шешу; 8) қоғамның адамгершілік, өнегелік ережелерін іске асыру (қайырымдылық, рақымшылық, ізгі ниеттілік, альтруизм, адамдардың бір-біріне риясыз көмектесуі өмірдегі нормалар болу керек).