Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Қазақстанда діни мекемелер, дін мемлекеттен бөлек. Қазақстандағы ислам мен православиелік т.б. нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығы. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.
Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін.