1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Демократиялық мемлекет: ұғымы және қағидаттары (принциптері)



бет49/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163
22. Демократиялық мемлекет: ұғымы және қағидаттары (принциптері). «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен құралған, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократия деп биліктің қайнар көзі халық болатын, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері (принциптері): 1. Халық билігінің жоғарылылығын, егеменділігін заңды түрде мойындау және оны институттау; халық өз билігін тікелей және өз өкілдері арқылы (жанама түрде) жүзеге асырады; биліктің легитимдігі; биліктің бөлінуінің конституциялық түрде бекітілуі, 2. Мемлекеттердің негізгі органдарының әрдайым сайланбалылығы (сайлаудың тұрақты түрде жүргізілуі); 3. Шешім қабылдағанда көпшілік дауыспен қабылдау және шешімді жүзеге асырғанда азшылық көпшілікке бағынады. 4. Мемлекетті басқаруға қатысуға азаматтар құқықтарының теңдігі; қоғамның барлық мүшелерінің тең саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын мойындау, оларға кепілдік берілу; заңдылық, қандай да болсын дискриминацияға жол бермеу, саяси плюрализм (алуан түрлілік), сөз бостандығы, тәуелсіз БАҚ. Демократиялық саяси режимнің президенттік, парламенттік, аралас деген түрлерін көрсетуге болады.

Қоғамда демократия орнауы үшін қажетті алғы шарттары: экономикалық алғы шарттары: индустриялық (өнеркәсіп) және экономикалық дамудың, урбандалудың (қала тұрғындарының санының өсуі) жоғарғы дәрежесі; дамыған бұқаралық байланыс құралдарының болуы; нарықтық, бәсекелі экономика. Демократияның әлеуметтік алғы шарттары: азаматтардың салыстырмалы түрдегі тұрмыс хәлінің жоғарғы дәрежесі; әлеуметтік теңсіздіктің бәсеңдігі; әлеуметтік игіліктердің дұрыс бөлінуі; әлеуметтік плюрализмнің болуы; саны көп және ықпалды орта таптың болуы; кәсіпкерлердің - нарықпен байланысты бәсекелі буржуазияның болуы; тұрғындардың сауаттылығы, жалпы білім дәрежесінің жоғары болуы. Сонымен бірге демократияның орнауына қоғамдағы саяси мәдениет, дін, сыртқы ықпал да әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет