1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет60/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Ұлттық мүддеұлттың өзін-өзі сақтау, дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттілігін ұғынып-сезінуі. Ұлттық мүддені мемлекет көшбасшыларының мемлекеттің қажеттіліктерін түсініп-сезінуі және осының олардың қызметінде көрінуі деп те анықтауға болады.

Кез келген мемлекет үшін ұлттық мүдде – мемлекеттің өмір сүру қажеттіліктерінен туындайтын объективті фактор. Ұлттық мүдденің мазмұны әр елде әртүрлі болады. Ол мемлекеттің тұтастығы мен игілігінің сенімді қамтамасыз етілуі мен қорғалуы, оның азаматтары барлық мемлекеттер тарапынан құрметтелетін мемлекетте тұру үшін мемлекеттің қандай саясат ұстанатындығын, ал елдің басшылығы мен сыртқы саяси қайраткерлерінің елдің мүдделерін әлемнің барлық бөліктерінде білдіріп, қорғауын көрсетеді.

Мемлекеттің көптеген қажеттіліктері болуы мүмкін, алайда олар ұлттық қауіпсздік саласындағы саясатқа жауап беретін субъектінің оларды сезініп, сауатты түрде қалыптастырып, талдап ұсынған жағдайында ғана ұлттық мүддеге айналады. Бұл субъект ұлттық мүдделерді маңыздылығы мен қанағаттандырылу мүмкіндіктеріне қарай бағалап, анықтауы тиіс.

Ұлттық мүдделер ұзақ уақытта жүзеге асырылуға бағытталады, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының басты мақсаттарын, стратегиялық және ағымдағы міндеттерін анықтайды. Ұлттық мүдделер мемлекеттік билік институттары арқылы қамтамасыз етіледі.

«Ұлттық мүдде» ұғымы басқа ұлттармен немесе мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар жағдайында ғана өз мағынасына ие болады. Халықаралық аренада мемлекет ұлттың атынан әрекет жасайды. Сондықтан халықаралық саясатта ұлттық мүдде мемлекеттік мүдде деп те түсініледі.

Мемлекеттің достары мен жаулары болмайды, оның тек қана мүдделері болады. Ол сол мүдделеріне қарай өзінің достары мен жауларын анықтайды. Ұлттық мүдде – кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының басты өзегі.

Ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік бір-бірімен байланысты ұғымдар. Қоғамдық қауіпсіздік ішкі саясатпен байланысты болса, ал ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік сыртқы саясатпен байланысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстан қоғамының құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы.

      

29. ҚР ұлттық қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері: ұғымы және олардың классификациясы. ҚР ұлттық қауiпсiздiгінің қауiп-қатерлері деп мемлекетіміздің ұлттық мүдделерiн iске асыруға кедергi келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығын айтады. Осыған байланысты ҚР ұлттық қауіпсіздігінің қауіп-қатерлерінің сыртқы және ішкі деген екі басты түрін көрсетуге болады.

       2012 ж. заңда ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер ретінде мыналар көрсетілген (20 қауіп-қатер көрсетілген):

1) ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуiне ықпал ететiн заңдылық пен құқықтық тәртiп деңгейінің төмендеуі, оның iшiнде қылмыстың, ұйымдасқан қылмыстың өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен, террористік немесе экстремистік ұйымдармен кірігуі, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына қолдау жасауы, сыбайлас жемқорлық, қарудың және есiрткi заттарының заңсыз айналымы;

2) демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы, оның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюі;

3) бақылаусыз көшi-қон процестері;

4) елдiң денсаулық сақтау, бiлiм және зияткерлік әлеуетi деңгейі мен сапасының төмендеуі;

5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы;

6) ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы;

7) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiртұтастығына, аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, бөлiнбестiгiне, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін iс-әрекеттер;

8) кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм;

 9) шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, өзге де шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған барлау-нұқсан келтіру әрекеті;

10) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елде басқару деңгейінің төмендеуі;

11) стратегиялық ресурстарды ел мүдделерiне кереғар пайдалануды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, инновациялық дамуға және инвестициялық белсендiлiктiң артуына кедергi жасау, капитал мен тауарларды елден тысқары жерлерге бақылаусыз әкету, көлеңкелі экономиканың өсуі;

12) қаржы жүйесі орнықтылығының төмендеуі;

13) өндiрістің қысқаруы, өнімдер мен тауарлар сапасының, бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, экспорттық, транзиттік әлеуетінің және қолжетiмдiлiгiнiң төмендеуi, Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн өнімдер мен тауарларды басқа мемлекеттерден әкелудің қысқаруы;

14) елдiң қорғаныс қабiлетi деңгейінiң төмендеуi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының қол сұғылмаушылығына, оның өзіне күш қолдану қауiп-қатері төнуі, оған қарсы агрессия;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру;

16) елдің ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ ұлттық ақпараттық ресурстардың рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалу деңгейінің төмендеуі;

17) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал ету;

18) экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар;

19) халықаралық деңгейде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, саяси беделіне және экономикалық рейтингіне нұқсан келтіру;

20) егер жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер мен демонстрациялардың, сондай-ақ оларға қатысуға шақырудың мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни төзімсіздікті, тектiк-топтық астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса не оларды өткізу қоғамдық тәртіпке және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған (келіп түскен) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ оларға қатысуға шақыруға пайдалану болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет