1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты



бет10/11
Дата07.08.2023
өлшемі65,03 Kb.
#105086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жаңа дәуірдегі саяси ілімдер. ХУІІ ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол Феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы-Томас Гобсс (1588-1679) еді. Оның ойынша , мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. Т.Гоббс ілімі бойынша басқарушының билігі Заңмен шектелген.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін оның заңдарының айырмашылығына, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне)байланыстырды. Бостандық-заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ, бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант. Канттің пікірінше революцияға қарсы ең жақсы құрал – дер кезінде реформаларды жасау. Оның саяси пікірлері »Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант. Канттің пікірінше революцияға қарсы ең жақсы құрал – дер кезінде реформаларды жасау. Оның саяси пікірлері »Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.
Жаңа дәуірдің жетекші саяси ойшылдары: Б.Спиноза, Ш.Л. Монтескье, Т.Гоббс, Д.Локк, Б.Констан, И.Кант, Г. Гегель,, Т. Пейн, Т.Джефферсон, Ж.-Ж. Руссо,А. Гамильтон, Б Франклин, Б.Констан. Олардың зерттеу жұмысындағы негізгі ерекшеліктері:
- ағартушылықтың жетекші рөлін орнату, «ақыл» патшалық құратын, тәуелсіз тұлғаның қызығушылықтары өмір сүретін әділ қоғам идеялары мен тұлғаны моральдік, эстетикалық, саяси тәрбиеленуіне мән беру;
- либералдық және консервативтік идеологияның негізгі принциптерін қалыптастыру;
биліктің бөлінуінің қажеттілігін көрсететін аргументтерді қалыптастыру;
- адам және азаматың құқығын қалыптастыру концепсиясының қалыптастыру.
18 ғ. аяғы-19-ғ. 1-жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан ұлы Француз Революциясы. Екіншісі-алдымен Англияда, соңынан Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген сөзден шыққан) болды. Сонымен қатар пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертарпалық пікірлер де туа бастады. Ф.Хайек демократиялық режимдердің тоталитарлыққа ауысуы, демократия мен тоталитаризмнің өзара байланысы туралы “Дорога к рабству” деген еңбегінде жазып көрсетті. ХІХ ғасыр капиталистік қатнастардың қарқынды дамыған кезеңі болғандықтан. Бұл кезең саясат пен құқық жүйесіне жаңа өзгерістер әкелді. ХІХ ғасырдағы саяси ойлардағы негізгі бағыт либерализм болды. Аталған бағыт адам құқтарын тану мен атқарушы биліктің заң органдарынан бөлінуін қарастырды.
ХІХ ғасырдағы саясаттану ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, А. де Токвиль болды. Ол, демократияның перспективалары мен тарихи генезисін қарастырды.
ХІХ ғасырдың ортасында жаңа бағыт марксизм дүниеге келді. Ол саясаттануда жаңа концепциялардың негізін қалады:
- саяси қатнастардың негізін класстық қоғамның материалдық жағдайымен анықталатын болды;
- мемлекет – жеке меншіктің патшалық құруымен еңбектің шеттетілуінің жемісі;
- халықтың толық билігі және өзіндік басқарудың дамуы біртіндеп мемлекет пен саясатттың құруына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет