1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты


Мо – Цзының адамдардың жаратылысты теңдігі және билік туралы идеясы



бет7/11
Дата07.08.2023
өлшемі65,03 Kb.
#105086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесін-emirsaba.org

Мо – Цзының адамдардың жаратылысты теңдігі және билік туралы идеясы.
Конфуций іліміне қарама-қарсы ой білдірген Мо-цзы б.д.д. 479 –400 ж.ж. өмір сүрген. Оның ілімінің өзінше үш бабы ерекше байқалады. Мо-цзыға дейін қытайдың саяси ойында қоғамдық келісім теориясына ұқсас және бірінші басшыны сайлау идеясы болмаған. Оның бұл идеясы ерте дүниелік Үнді ойшылдары мен үндес. Мо-цзының даостықтар сияқты әлеуметтік теңдік идеясы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы сын көзқарасы өте маңызды. Ол жалпы сүйспеншілік туралы концепцияны ұсынды. Мо-цзы, барлық адамдар туғаннан бастап тең және мемлекет басқару ісіне талапты, қабілетті адамдардың араласуына жол ашық болуы керек деді. Оның ілімінің басты принципі, адамдардың бір біріне деген сүйспеншілігі, силастығы. Осындай қатынас арқылы қоғамдағы кез-келген дау-жанжалдарды шешуге болады деп түйіндеді. Оның ілімінде мемлекетті басқару процесінде қарапайым халық мүддесін ескеру қажеттігі маңызды орын алады. Өкмет тек жазалау мен күштеу әдістерін ғана емес, ол адамдарға ықпал етудің адамгершілікті формасын пайдалануды бірінші орынға қойды. Сондықтан ол қоғамның төменгі жағында тұрғандарды қасырет, күйзеліс және кедейліктен қорғауды тегеурінді түрде талап етті. Халық пен мемлекет басшысының арасындағы өзара келісімнің болуын, басқарудағы ең басты принцип деп таныды. Мо-цзы барлық адамдардың жаратылысты теңдігі туралы идеяны дамыта түсіп мемлекеттің пайда болуындағы келісім шарт концепциясын негіздеді. Бұл концепцияның негізінде, ең жоғарғы билік халықта деген идея жатыр. Конфуциандық адамсүйгіштік принциптің орнына, Мо-цзы бәріне жалпы ортақ сүйспендік принципін ұсынды. Ортақ игілік үшін басқару ісі, көндіру және ынталандыру қажеттілігі мен ұштасады. Оған қарапайым адамдарды (конфуцизмдегідей) мемлекет қызметіне тарту сияқты утопиялық идеялар тән.
Мо-цзының мемлекеттік бірлік туралы көзқарасы, билікті орталықтандыру идеясына жақын. Конфуций жаза қолдануға қарсы болса, Мо-цзы жазалауды қолдайды. Шан – Янның легизмдік саяси ілімі. Шан – Янды легизмнің негізін салушы деп есептейді. Ол б.д.д.390 – 338 ж.ж. өмір сүрген. Шан-Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін ұсынды. Себебі тек заң нормалары ғана елде нақты тәртіпті орната алады деп сенді. Шан Ян елдегі ірі реформалардың ынталандырушысы және жерді жекеменшікке беруді заңдастырды. . Легизм ілімі өзінің алдындағы концепцияларға қарағанда өзгеше. Легистер /немесе заңшылдар/ бай тұратын және құзырлы қызметкерлер мүддесін қорғады. Мысалы, Шан-Ян: - халық бетімен кетті, рахаттылықа бой беріп жер айдауды қойып қазынаға пайда түсірмейтін өзге әрекеттер мен айналысады деді. Соның нәтижесінде мемлекет тозып барады деп көрсетті. Ол конфуцилық ізгілікке шақыру жай бос сөз деді.Сондықтан чиновниктер мен жазалаушы аппаратты күшейтіп, қоғамдық өмірдің барлық өрістерін анықтайтын және барлығына міндетті қатал нормаларды енгізу қажет деген идеяны қолдады. Мұндай жаңа нормалар «Заң» деп аталды. Осыдан барып ғылымда ол латынша «легизм» аталып кетті. Шан-Ян мемлекетті унификациялау идеясын жан-жақты қолдады. Легизм идеологиясына сәйкес, мемлекет, қоғам тіршілігінің мәні мен мақсатына айналған өктемшіл институтқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет