1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты


Саясаттану және оның пәні, қызметі, әдістері мен зерттеу обьектісі



бет3/11
Дата07.08.2023
өлшемі65,03 Kb.
#105086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесін-emirsaba.org

2. Саясаттану және оның пәні, қызметі, әдістері мен зерттеу обьектісі. Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде саясаттану кең таралған ғылымның бірі болып саналады. Оның негізгі зерттеу объектісі өзінің атауынан да көрініп отыр.
Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.
Саясаттану ғылымы да кәдімгі басқа ғылымдар тәрізді қалыптасудың және дамудың қилы жолдарынан өтті. Барлық қоғамдық ғылымдармен ықпалдасып отырады. Ол антикалық саяси-әлеуметтік әмбебап ойлардан бастау алады да, құқық және мемлекет туралы ғылымдар қалыптасқаннан кейін, саяси философия құрамына еніп, заңдық нормалардың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді.
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал
Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды.
Бұдан соң саясатты оқып үйрену философиялык, әлеуметтік, психологиялық болып бөлінеді. Саясат туралы ғылымда қазіргі кезде әлеуметтік, құқықтық, тарихи және басқа түрлі көзқарастар мен әрекеттер туындап отыр. Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде саясаттануды ғылым ретінде және оның объектісін пән ретінде зерттеп, оның жолдары мен әдістерін, формасы мен тәсілдерін білуді қолға алып отыр. Саясаттану дегеніміз түрлі сипаттағы қоғамдық-саяси жүйенің даму ерекшеліктерін, бір-біріне қабысып икемделуін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін шарттарының себептерін, дау-жанжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп санауға болады. Саясаттану-жалпы интегралдаушы білім ретінде саяси құбылыстар мен процестердің жиынтығын, қоғамның саяси өмірінің жалпы принциптері мен заңдылықтарын, олардың көріністерінің ерекшеліктері, қоғамдық процесте субъектілер қызметтерін жүзеге асырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Саясаттану өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.
Саясаттану ғылым ретінде төмендегі мәселелерді қарастырады:
- саяси өрістің даму заңдылықтары;
- саяси үрдістер;
- саяси білімнің тарихы;
- саяси сана;
- саяси мәдениет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет