1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты



бет8/11
Дата07.08.2023
өлшемі65,03 Kb.
#105086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесін-emirsaba.org

Ежелгі Грецияның саяси ілімдері. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы ел еді.
Саяси ұйым түріндегі жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді., ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б.
Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. солай жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен және т.т. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ, бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, қоғамдағы кикілжіңдерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты бес түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері-адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады..
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель(б.з.б. 384-322 жж) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп, оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика», деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйтіп тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша мемлекет- қауымның дамыған түрі, ал қауым- отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық пен ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарды әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.. Сонымен Ежелгі дүниедегі ойшылдардың саяси ойларындағы басты идея ол: - өмір сүріп тұрған әлеуметтік әділетсіздік пен адамдардың теңдігі, адам еркіндігі идеясына сын көзқарас болып табылады. Жалпы алғанда саяси білімдер мен саяси ойлар антика дәуірі қоғамында ерекше маңызға ие болды. Себебі дәл осы дәуірде саяси көзқарастар мифологиялық формасынан ажрай бастады; мемлекеттік құрылымның талдануы; оның классификациясы мен формасының анықталуы; басқарудың ең жақсы деген жолдарын іздестіруге деген талпынушылық; саясат адамның цивилизациялық жолмен өмір сүруінің басты факторы деп қарастырлуы осы кезеңде болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет