1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясаттың мәні және табиғаты


Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойлары



бет9/11
Дата04.04.2023
өлшемі105,5 Kb.
#79156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойлары. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артық уақытқа созылды. (5-16-ғасырлар) Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы роль үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме, әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген, монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салуышы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші он күндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы». Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол «мемлекет» деген терминді ғылыми әдебиетке бірінші болып кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһарлы болмай, қайырымды, адал, қамқоршы, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ, елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болсын қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте қатаңдық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір ақ рет қолданылуы керек. Бірақ, Макиавеллидің бұл ескерпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс-тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келді. Бұл дәуірдің ерекшеліктері: гуманистік бастаулардың қалыптасуы мен дамуы; саяси теорияның теологиядан бөлінуі; адамның бостандығы, тәуелсіздік және құқық мәселелерінің қарастырла бастауы; қоғамдық өмірдің демократияға бет ала бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет