Қытай туралыалғашқы нақты мәлімет б.д.д. 2-і мыңжылдықтан басталады. Хуанхэ өзенінің сағасында ірі тайпалар бірлестігі пайда болды. Олар б.д.д. 3-і ғасырдың ортасына дейін билік еткен Чжоу династиясын орнатты. Чжоу-гун патшаның айтуынша, билік аспан құзырынан тарайды деген көне идеяны қолдай отырып оны модернизациялады. Оның пікірінше, билікті қайта алып оны басқаға беру ол аспанның еркінде. Биліктің өзгеруі кездейсоқ, төтенше құбылыс емес ол заңдылық. Биліктің өзгеруі – адамның таңдауы емес, ол династияны таңдау деді. Бірақ билік династия ішінде қолдан қолға өткен сайын ондай қасиеттер таусыла түседі. Сондықтан, аспан билікті өзгертуге мәжбүр. Чжоу династиясы 8,5 ғасыр билік ете отырып саяси дағдарысқа ұшырады. Патшалық ыдырап бөліне бастады. Сондықтан дағдарыс процесі жаңа жол іздестіруге итермеледі. Бұл жағдай б.д.д. 6 –5 ғ.ғ. қытайдың саяси ойының өркендеуіне себеп болды.
Қытай ойшылдарының алдында адам мен қоғам және мемлекетті ұйымдастыру мәселелері тұрды. Бұл мәселелер рационалды түрде ойластрылып, көп жағдайда мифологиялық және діни сарыннан арылды. Мұндай көзқарастар әсіресе Конфуцйға / Қун-Фу-Цзыға / жақын. Ол Қытайдың ең беделді философы, оның саяси-әлеуметтік көзқарастары өзінен кейін бірнеше ғасыр өткенен кейін ресми идеология дәрежесіне көтерілді. Конфуций мемлекеттің патриархалды-патерналистік концепциясын дамытты. Оның пікірі бойынша, мемлекет деген ол – үлкен жанұя. Биліктің зорлықсыз амалын жақтаған Конфуций ел билеушілерді өз бағыныштыларына қайрымды болуға шақырды. Конфуций ерекше саяси –этикалық ілімнің негізін салушы болады. Ежелгі Дүниелік Қытайда Лао – Цзы негізін салған даосизм ілімі пайда болды, немесе оны даостар мектебі дейді. Лао – Цзы б.д.д. 4-і ғасырда өмір сүрген. Даосизм ілімінің мұраты – адамдар мен қоғамнан тыс болу және тақуалық. Мемлекет деген – Лао-Цзының айтуынша – ықшам, оның халқы шамалы мөлшерде болуы тиіс және адамдар өздерінің тұрғын орындарынан өмірлерінің соңына дейін кетпеулері тиіс. Көрші ауылдың тұрғындары жақын тұрса да олар бір бірімен араласпауы тиіс. Оның осындай ойларынан, анархизм идеясының ең алғашқы нышандарын байқауға болады. Конфуци мемлекеттің ортақ игілікке қызмет етуіне сенсе, ал Лао-Цзы басшылық етушілер билікті өз мүддесінің мақсатына қолданады деп көрсетті. Лао-Цзы ілімінде анархизм идеясының төрт бабы байқалады, олар:
1. Мемлекет – ол жасанды организм, басушы және зорлық аппараты;
2. Бейорталықтандыру, мемлекеттікті ауыл деңгейіне түсіру;
3. Ең жақсы Үкімет ол басқарымы шамалы үкмет;
4. Бейсаясаттық - өзіне ғана тұйықталып, мемлекет пен қоғам істеріне қызығушылық танытпау.