Саясаттың негізгі маңызды мәселесі мен мақсаты билік. Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды талғампаздық модель ретінде түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады. Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат-ол қызмет болса, екіншіден өнер, басқару өнері болып табылады. (Аристотель)
Саясаттың құрылымы және субъектілері.
Саясат күрделі және көп құрылымды құрылыс.
Саясаттың құрылымы:
-саяси қызығушылық;
-саяси ұйымдар;
-саяси іс-әрекет және қызмет;
-саяси мәдениет, саяси сана;
-саяси қатынастар;
-саясаттың субъектілері:
Саясаттың құрылымына байланысты оның келесі элементтері бар:
1. Саяси мүдде – ол адамдарды бір мақсат қою мен оны іске асыруға ұйғарушы саяси жүріс-тұрыстың қайнар көзі.
2. Саяси сана – саясат әлемі туралы жеке немесе топтық көзқарастан және оған адамдардың ұғына қатынасуына байланысты саяси өмірді қабылдауы.
3. Саяси әрекет – субъектілердің өз биліктік мүдделерін іске асыру барысындағы әлеуметтік белсенділіктің бір түрі.
4. Саяси ұйым – қоғамдық үрдістерді басқару және реттеумен байланысты көпшіліктік биліктің бірден бір институты.
5. Саяси қатынастар – жеке адамдардың, қоғамдық топтардың өзара және саяси институттармен билік туралы тұрақты әрекеттесулері.
Саясаттың субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін саясатты жасайтын адамдарды ұйымдастыруды не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:
Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. Әлеуметтік және саяси институттар- мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, шіркеу, БАҚ, халықаралық ұйымдар, мысалы; БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.
Жалпы әлеумет- ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саяасаттың әлуметтік субьектілеріне жатқызылады. Жекелеген тұлғалар- саяси лидер, қарапайым азаматтар.Олар әлеуметтік деңгейдегі субъектілер. Осылардың ішінде адам негізгі субъект.
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемлекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады: саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау; сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Сонымен, ішкі саясат – мемлекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады. Сыртқы саясат – мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым-қатынас орнату.Оларға мыналарды жатқызуға болады:
-достық қарым-қатынас орнату.
-сауда қарым-қатынастарын орнату.
-экономикалық қарым-қатынастарды орнату.
-әскери қарым-қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір-бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет. Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу.
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:
Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.
Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.
Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.
Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады.