1. Саясаттану ғылым ретінде


Саяси партиялардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата29.11.2022
өлшемі473,38 Kb.
#53425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына 
байланысты: 
а) маманданған; 
ә) бұқаралық деп жіктейді. 
Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз 
партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық 
партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп 
болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. 
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге 
бөледі: 
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің 
барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді; 


2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын 
ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.; 
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және 
парламентке бақылау жасау; 
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай 
емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін 
біріктіреді. 
Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси 
жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп 
жіктелуі. 
Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға 
қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу. 
Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың 
бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, 
М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі 
елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді 
типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік 
органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты 
бағыттары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет