қойған мақсаттарына қол жеткізудегі басты әдісі деп санамайды. Сондықтан, олар
бұқаралық шаралар ұйымдастыру жолымен мемлекетке, жергілікті билік органдарына
ықпал етеді, олардың қандай партияларға жататындығына қарамастан депутаттарды өз
жағына тартып жұмыстар жүргізеді. Солай болса да, бірқатар қозғалыстар сайлау
кампанияларына қатысады және онда біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады.
Мұндай ұйымдардың көпшілігі өздерінің саясатқа араласпайтындықтарын жариялай
отырып, өздеріне жақын партиялар мен одақтарға қолдау білдіру жолымен саяси күреске
жанама түрде қатысады.
Қазіргі күнде Қазақстанның саяси өмірінде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар —
партиялар, кәсіподақтар, әйелдер, жастар, діни ұйымдары, клубтар, одақтар,
ассоциациялар, құқық қорғаумен айналысатын бірлестіктер және тағы басқа да көптеген
ұйымдар әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: